Мәдениет

«Оттай берсін!»: Мақпал Жүнісова Нұрбике Нұрқаділоваға жауап берді

Жуырда YouTube арнасындағы «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек НҰРҚАДІЛОВТІҢ алғашқы жары Нұрбике Нұрқаділова журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат берген. Осы мәселеге қатысты Мақпал Жүнісоваға хабарласып, сұхбат беруін сұраған. Әнші сұхбат беруден бас тартқанымен, күндесіне қатысты ойын бүкпей айтып қалды, деп newsroom.kz хабарлайды altyn-orda.kz дереккөзіне сүйене отырып.

Екі бөлімнен тұратын сұхбаттың өзегі – Зәкеңнің жеке өмірі, кейінгі тағдыры туралы. Осы сұхбатта Н.Нұрқаділова Зәкеңнің екінші әйелі болған Мақпал Жүнісоваға қатысты күдігін айтады. Өзімен бірге тұрғанда Зәкеңнің көп ішпегенін, Мақпалға кеткен соң көбірек ұрттағанын, «жағасы кірлеп» жүретінін сөз етеді.

«Ана жақтағы өмірін (Мақпалға кеткеннен кейін – ред.) де естігенбіз. Кереметтей өмір болған жоқ ол жақта. Сондықтан ұлыма үнемі әкеңді байқап жүр деп айтатынмын», – деді Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары.

Сондай-ақ Н.Нұрқаділова Зәкең жайында былай дейді: «Екі баласымен мені не үшін тастап кеткенін білмеймін. Бірақ, Мақпал екеуінің махаббаты – есепке құрылған махаббат. Егер махаббат болса, неге кісіден ажалы болады?».

Тіпті Н.Нұрқаділова «Зәкеңді бірінші отбасынан әдейі алып кеткен болуы мүмкін» деген күдігін де жасырмады.

NEGE тілшісі Мақпал ЖҮНІСОВАҒА хабарласып, осы мәселеге қатысты сұхбат беруін сұраған. Әнші сұхбат беруден бас тартқанымен, күндесіне қатысты ойын бүкпей айтып қалды.

«Рақмет, қарағым! Даже не стоит! Мен ол кісінің деңгейіне түспеймін. Бәрін өтірік айтып отыр. Сондықтан мен ол кісімен жарысып сұхбат бермеймін. Кешірім өтінем, оттай берсін!», – деп жауап берді әнші.

Дереккөз: nege.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.