Мәдениет

Қабатовтың қызы Дубайда оқиды ма?

Жұрттың пайымынша, әзілкеш демалудан бөлек, қызының оқуы мәселесін де шешіп келетін сияқты

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов қызын ҰБТ дауынан кейін шетелге оқуға түсірген сыңайлы. Өйткені әлеуметтік желідегі парақшасына Әдемі Тұрсынбекқызы «менің университетім» деген жазумен Дубайда жүрген видеосын жүктеді. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап newsroom.kz порталы хабарлайды.

Байқауымызша бұл жер Дубайдағы университеттердің бірінің алды. Желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовтың отбасымен бірге үш күн бұрын парсы шығанағына кеткенін жақсы біледі. Жұрттың пайымынша, әзілкеш демалудан бөлек, қызының оқуы мәселесін де шешіп келетін сияқты.

Естеріңізде болар, Тұрсынбек Қабатовтың биыл мектеп бітірген Әдемі есімді қызы ҰБТ-ға өзінің орнына басқа адамды кіргізіп, басы бәлеге қалып еді. Кейін өнер адамы бұған отбасының қатысы жоқ екенін, бәрін тестке даярлау орталығы ұйымдастырғанын мәлімдеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.3 / 5. Бағалар саны: 15

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.