Мәдениет/Тарих

Африкада Абайды еске алды

0
(0)

Аддис-Абеба, 2020 жылғы 12 қазан – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының және Шығыстың кемеңгер философы әл-Фарабидің мерейтойларына арналған «Ұлы Даланың мәдени мұрасы» атты семинар ұйымдастырылды. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды.

Іс-шараға болу елінің аталмыш елдің Сыртқы істер министрлігінің, Қауіпсіздік мәселелерін зерттеу институты ның, БАҚ өкілдері мен Аддис-Абеба университетінің студенттері қатысты.

Семинар барысында Елші Барлыбай Садықов Абай мен әл-Фарабидің бай шығармашылық мұралары, олардың Қазақстанның және әлемнің қазіргі заманғы мәдениетіне ықпалы туралы баяндап, қатысушылардың көптеген сұрақтарына, соның ішінде Қазақстанның мәдениеті, дәстүрлері, тарихы, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы, сыртқы саясаты туралы айтып берді.

Аталмыш іс-шара Абай мен Әл-Фараби туралы көрнекі стендтермен, олардың шығармашылығы туралы кітаптармен, сондай-ақ қазақ мәдениетінің тұрмыстық заттарымен арнайы безендендірілген мәжіліс залында өтті. Елшілік қызметкерлерінің қазақ тілінде орындаған Абай шығармалары қатысушылардың шынайы қызығушылығы мен жоғары ықыласына ие болды.

Сонымен қатар, семинар аясында, Қазақстан туралы фильмнің көрсетілімі ұйымдастырылып, Ұлы даланың көрнекті өкілдері Абай мен Әл-Фарабидің мұралары туралы баспа материалдар таратылды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close