Мәдениет/Тарих

Бойжеткеннің өмірін құтқарған қарияны өлімге өнер итермеледі

5
(1)

Американдық жазушы О. Генри қысқа ертегі жазудың хас шебері. «Соңғы жапырағын» оқығанда өнердің өлімге де, өмірге де себепкер болатынын ұқтым.

Үш суретшіні ұштастыратын қыл қалам мен ақ қағаз. Екі жақтан келген қызды ажырамас дос еткен де осы өнер. Айықпас дертке шалдыққандай күй кешіп, үміттен күдерін үзген Джонсиді құтқарған қыл қаламның күші мен үзеңгі жапырақ.

Ғұмырын жапыраққа теңеген Джонсидің басты қателігі – күресуден қашу, мойын ұсыну. Өзінің аса қымбат, құнды уақытын бес жапырақтың беліне таңған Джонси қалай тірі қалды? Тіпті тірі кезінде тіршіліктен безіп, терезеге танылған бойжеткеннің өмірін құтқарған «төл туынды». Берманның бар ғұмыр аңсаған эксклюзив суреті – соңғы жапырақ. Джонсиді сергелдеңге салып, серігіне берген сертінен тайдырған дәл осы жапырақты туынды қыла тұра, өз өмірін қиып, өзгенікін сақтап қалды. Алайда, сақтаған сурет емес, сенім…

Берманда өнерге деген махаббат бар. Бірақ машақаты материалдық проблема. Арманындағы алып картинаны салу үшін қария кейпін күткендей ақ. Жазмыштың жазғаны болар, дәл осы жазатайым оқиға оның арманын орындады. Бәлкім, Берман ауруханаға келіп, Джонсимен кездеспегенде сенімді де, сезімді де «соңғы жапырақ» мәңгілікке алып кетер ме еді?

Джонсидің құлазыған көңіл күйі Берманның құштарлығын оятты. Шиеленіскен шабытқа шырақ көмектесті. Түңілген Джонсидің ұйқыға батқан кезін күткен Берман түні бойы телміріп, төл туындысын ақыры салып шығады. Туынды өмірге келді, өзі кетті, өзгені құтқарды…

PS: Не ұқтым, не түйдім? Әр адамның ішкі дүниесі шығармамен шарықтайды. Бірі әнші, бірі биші, бірі ақын, бірі суретші, бірі жазушы. Әр түрлі бағыт. Бірақ олар бір шаңырақ астында. Ол өнер…

Әлеуметтік мәселені әңгімемен жеткізе білген автордың өзі де өнер иесі. Қиындықтан қашудың бірден бір жолы «өлу» деп санайтын санасыздар көп. Мүмкін, тағдыр оларды таланға салды, мүмкін, өмірден көп өкініш тартты. Бірақ оған өз қолымызбен балта шабу – әділетсіздік. Түбі кететін мәңгі дүниеге неге асығамыз?

Бір қызығы адамның сенімі әлі сан ғасырды жалғайтын я болмаса оны үзетін құдіретті күш.

Қарияның қияға аттануы мен бойжеткен бойына біткен бақытты күй – өмірдің қосындысы мен айырмасы. Жанды алатын да, беретін де жаратқан. Біреу келгенімен, біреудің кететіні өкінішті…

Інжу ӨМІРЗАҚ

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close