Мәдениет

Алматылық 10 жасар Әмина Арыстанбек Италияда өнер сайысының финалына жолдама алды

San-Remo Junior байқауы – Италиядағы айтулы халықаралық өнер сайысы.

Алматылық Әмина Арыстанбек Италияда өтетін дәстүрлі халықаралық фестивалге жолдама алды. Sanremo Junior-2021 байқауының финалына өткен 10 жасар қыз Армения, Украина, Ресей, Италия, Мальта және Израилден келген қарсыластарымен бақ сынайды, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Фестиваль бүгін атақты «ARISTON» концерт залында өтеді. Дәл осы залда атақты  Адриано Челентано, Тото Кутуньо, Эрос Рамазотти, Рикардо Фольи, Матиа Базар, Альбано және Рамина Пауер, Анна Герман сияқты итальян эстардасының жұлдыздары өнер жолын бастаған.

Қазақстандық жас өнерпаз әлемдік танымал туындыларды скрипкада шебер орындайды және вокал бойынша түрлі өнер сайыстарында жеңімпаз атанған. Ол сахналық қойылым мен хореографиядан да сабақ алады. Maxincubato өнер орталығының тәрбиеленушісі осы күнге дейін 8 халықаралық байқауда жеңімпаз атанған. Ол SanRemo Junior фестиваліне тыңғылықты дайындалды, дейді оның оқытушысы Лейла Болатбек.

San-Remo Junior байқауы – Италиядағы айтулы халықаралық өнер сайысы. Оны БҰҰ UNICEF қаржыландырады. Бұл байқауға жолдама алу үшін әлемнің жүздеген елінен үміткерлер бақ сынайды. Биыл эпидемиологиялық жағдайға байланысты іріктеу турлары онлайн форматында өткен. Қазақстан Республикасындағы іріктеу шараларының қорытындысы бойынша Sanremo Junior (Italy) фестивалының дирекциясы мен MIF (Management International Festivals) сарапшылар комиссиясы Әмина Арыстанбекті таңдап алыпты. Фестиваль 11-14 қазан аралығында өтеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.