Мәдениет/Тарих

Ділі мен дінінен бас тартқан тұтастай мемлекет қалай жойылды?

5
(3)

Карантин бізге мол мүмкіндік сыйлады. Оқылмай сөреде қатталып тұрған кітаптар мен ойда жүрген жазбаларға жағдай жасады. Әрине, Пушкиннің Болдин күзінде өткізген үш айлық карантиніне жетпес, дегенмен, біздің көктемгі карантин де одан кем соқпағандай.

Қойшығара Салғараұлының 1992 жылы жарық көрген «Хандар кестесі» еңбегін парақтап отырып, Тоба хандығы туралы қысқа-нұсқа мәлімет біздерді біраз қызықтырды әрі ойландырды.

Иен далада еркін көшіп, 39 аймақты басып, 99 рулы ел болған Тобалардың тарихы өте күрделі. Танымал тарихшы Қойшығара Салғараұлының хандар кестесінде бірінші тұрған және 261-295 жылдары билік құрған Ливэйден басталғанымен, негізгі мемлекетті қалаушы – Туинь хан екен. Байқағанымыз – хандардың есімдері түгелге дерлік қытайша. Әлбетте, жылнаманы жазған қытайлықтар болғандықтан, бұлай болуы заңды да. Әйтпесе, біз жазып отырған тобалықтардың өз атауларының мүлде басқа болуы мүмкін ғой.

Қ.Салғараұлы өз еңбегінде Сяньбидің екінші тармағы тобалықтарды тарихшылар «шашын өргендер» немесе «өрілген бұрымдылар» деп те атайды. Олардың жеке хандық құруына үш ғасырдай уақыт керек болды деп жазады. Қайбір жылдары Қытайдың Шыңжаң аймағын аралап жүріп, Баркөл автономиялық ауданына барғанымызда жергілікті қандастардың бізді қала сыртына шығып, таулы өлкенің бір сілемін көрсетіп, осы жерде Сәнби мемлекетінің астанасы болған – деп айтқан сәтін еріксіз есімізге алдық. Тарихы бөлек, аурасы терең жер сияқты көрінген.

Тобалардың тарихы туралы

Әрмен қарай тобалардың тарихына үңілсек, әулеттің бұлай күшке айналуын сезген Туинь хан осынау ұлы бірлестіктің бір кездері ата-бабалары тастап кеткен қара жұртқа қайтудың қамына кіріседі. Сөйтіп ол оңтүстікке бет алады. Жолай кездескен ру-тайпаларды қуып, Далай-норға жетеді.

Ақпарат үшін жазсақ, Далай-нор қазіргі Қытайдың Ішкі Моңғолия аймағындағы көл. 539 метр теңіз деңгейінен биікте орналасқан. Күні кеше ғана Құрбанғали Халидидің «Шығыстың бес тарихы» кітабына алғы сөз жазған Тұрсын Жұртбай ағамыздың кіріспе сөзінен Ішкі Моңғолия астанасының Хохот деген атауының «Көк от» екенін әдейілеп жазып алған ек, осы мақаламызға түрткі болғандай екен.

Ескі де, жаңа қоныстары құт болған тобалықтардың саны артып, қуаты көбейіп, көршілерін жаулап ала бастайды. Туинь ханның алтыншы ұрпағы Линь елді тоғыз аймаққа бөліп, өзінің бауырлары мен балаларына бөліп беріп, соларға басқартады.

Линьнің ұлы Гйефынь байырғы хунну жерін иеленсе, оның мұрагері жоғарыда біз жазған Ливэй бұдан әрі өтіп Дин-саян аймағын алады. Өкінішке қарай, Дин-саян аймағы туралы мәлімет іздегенімізбен, заманауи интернет бұл мәліметке кенде болып шықты.

Қ.Салғараұлының еңбегінде үш ханның билік жүргізген уақыттары белгісіз болғандықтан, оларды көрсетпеген. Сол себептен де, Туиньнің тоғызыншы ұрпағы Ливэйден басталған кестеде 16 ханның тізімі тұр. Оның ең соңғысы Шегуй немесе атақты Тоба-Гуй. Ол – 386-400 жылдар билік құрады. Бұл туралы сәл кейінірек жазамыз.

Күні жетіп Ливэй хан қайтыс болған соң, елі үшке бөлініп кетеді. Үш баласы қазақ ертегілеріндегідей әкеден қалған мемлекеттік үшке бөліп алады. Олардың есімдері: Лугуань, Ито, Илу болады. Дегенмен, бұл тұста айтарлықтай өзгеріс болмайды. Тек Лугань өлген соң, Тоба Илу таққа отырып, дара хандық құрады.

Шегуй немесе Тоба-Гуйдың тұсында мемлекет өзінің дамуының шарықтау шегіне жетеді. Ол бүкіл көршілерін жеңіп, теңдессіз империя құрады. Бірақ тарихтағыдай кез-келген империяның басы болса, соңы да болады емес пе? Осы жерде Римнің негізін қалаған Ромул мен оның соңғы императоры болған Ромулды есіңе алып, тарихтың қаншалықты әділетті екенін, оның ешкімді аямайтынын ойлайсың. «Тарихты жеңімпаздар жазады» дегенмен, оның жаңғырығының мыңжылдықтарға кететінін осы мақаланы жаза отырып көз жеткізгендей болдық.

Құрбанғали Халидидің еңбегіндегі: «Кім де кім тарих ғылымына немқұрайлы қараса, ол бір «майдан» жерінген ауру адамға ұқсайды. Ұлы тарих ғылымының биік мәртебесі мен оған деген қажеттілік жайында айтылған көне сөздер – соған дәлел әрі бізге жол нұсқайтын бағдар болмақ» деген сөзін мақаламызда жаза кетуді жөн көрдік.

Осы тұста Қ.Салғараұлы: «атақ та, даңқ та тоба елінің тағдырын өзге далалықтардан өзгешелей алмады. Түптің түбінде олар да өздерінен бұрын дәуірлеген хуннулардың, сяньбилердің моюндардың кебін киді. Бұлардың олардан өзгешілігі – басқалардың құрылуына сыртқы жаулары себепші болса, тобалар өз елінің түбіне өздері жетті» деп ой түйеді де, Тоба-Гуй өлген соң араға 92 жыл салып билікке келген Тоба Хун ІІ бұйрық шығарып, қарауындағы елге ана тілінде сөйлеуге, өз ұлттық киімін киюге, бұрынғыдай өз тайпаласынан әйел алуға тыйым салады. Нәтижесінде, тобалықтар қытай тілінде сөйлеп, қытай киімін киюге, шашты қытайша қоюға міндетті болды. Сондай-ақ бүкіл сянбилықтардың (тобалықтардың) аты қытай атына өзгертіледі. Ақырында хан елдің атауын да «Юань» деп өзгертіп жібереді» – деп жазады.

Бірақ жағынғанмен жағдай жақсармайды. Қытай ақсүйектерінің өкілі Гао Хуань 550 жылы өзін император деп жариялайды да, бүкіл Тоба әулетін турап өлтіріп, денелерін Сары өзенге (Хуанхэ) лақтыртады. Соның ішінде Тоба Хуань ІІ-нің тұқымдары да кетеді. Осылайша, ІІІ ғасыр өмір сүрген Тоба мемлекеті құлап, тарих сахнасынан сырғып шығып кетеді.

Тарих дөңгелегі одан әрмен айнала берді. Одан кейін тарих сахнасының шымылдығын ашып, Жужаң хандығы, Түрік қағанаты шығады. Бұл басқа тарих. Дегенмен, өз тілі мен ділінен бас тартып, тарихтан жойылып кеткен хандық болмаған секілді…

О, Тоба!

P.S. Көрнекілік суретте Индонезияның Суматра аралындағы Тоба супервулканы.

Олжас БЕРКІНБАЕВ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

bahis Casino Siteleri Baymavi Экскурсии в Мармарисе Аренда яхт в Бодруме Аренда яхт в Мармарисе Аренда яхт в Турции экскурсия памуккале дальян экскурсия эгейские острова мармарис остров клеопатры мармарис дайвинг в мармарисе турецкая ночь Scroll Up
Close