Мәдениет/Тарих

Абай бюсті Бухарестте ашылды

3.7
(3)

10 қыркүйек, 2020 жыл, Бухарест – Бухаресттің орталығында Абай Құнанбайұлының бюстінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Парламент пен мемлекеттік органдардан келген румын саяси қайраткерлері, шет мемлекеттердің елшілері, сондай-ақ академиялық, қоғамдық және іскер орталарының, қабылдаушы елдің БАҚ өкілдері қатысты. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өзінің сөзінде Елші Нұрбах Рүстемов Абай Құнбайұлының 175 жылдығы аясында бюсттің ашылуы Қазақстан мен Румыния халықтарының деген өзара құрметтің, екі елдің тарихын білуге жаңа ұрпақ тәрбиелеудің айқын мысалы екенін атап өтті. Қазақ мәдениетін реформалаушы Абай Құнанбайұлы Еуропалық мәдениетпен қосылуды мұрат қойғаны, оның ұлы мұрасы Шығыс пен Батыс мәдениеттерін синтездей білгендігі баса айтылды.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне және Бухарест мэриясына қазақ ақынының Румынияда мәңгі есте қалуына қосқан баға жетпес үлесі үшін ерекше алғыс білдірілді.

Іс-шараға қатысушылар халықтардың достығының белгісі ретінде қазақ халқының көрнекті ақынын мәңгілікке қалдырудың уақтылығын атап өтті. Атап айтқанда, Румынияның экс-президенті Эмиль Константинеску және Парламент депутаттары палатасының вице-спикері, «Қазақстан-Румыния» парламентаралық достық тобының төрағасы Флорин Иордаке әлемдік деңгейдегі ұлы ақынның бюстінің орнатылуы Бухарест өміріндегі жаңа тарихи кезеңге айналатынын, сондай-ақ әлемдік мәдениетке қосқан үлесі үшін қазақ халқына деген құрметті білдіретінін баса айтты.

Іс-шара аясында «Қара сөздерді» румын тіліне аударған белгілі лингвист Антоанета Олтеану ақынның өмірі туралы айтып берді, ал қазақ тілі мұғалімі бастаған балабақша тәрбиеленушілері Абайдың өлеңдерін жатқа оқыды.

Іс-шара аясында өз картиналарында қазақ халқының ұлттық ерекшелігінің мәнін жеткізе білген Румынияда тұратын қазақстандық суретші Алуа Тебенованың экспозицияларымен безендірілді.
Сондай-ақ, қонақтарға румын тіліне аударылған «Қара сөздер», Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітаптары мен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы басылған брошюралар және басқа да имидждік материалдар ұсынылды.

Абайдың бюсті туралы

Бюст Румыниядағы қазақтың ұлы ақыны, қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбайұлын мәңгі есте қалдырады. Бұл ескерткіш қазақ пен румын халықтарын жақындастырып, румын азаматтарының қазақ тарихы мен мәдениетін зерттеуге деген қызығушылығын көрсетеді.

Л.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті ескерткіштің құрылуына демеу көрсетті, ал бюсттің авторы – осы университеттің профессоры, мүсінші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Талғат Анарбеков.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.7 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close