Мәдениет

Нұр-Сұлтанда жас әдебиетшілерге арналған курстар басталды

0
(0)

Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жас жазушылар, ақындар, драматургтар мен сыншыларды қолдап, олардың біліктілігін арттыру мақсатында НұрСұлтан қаласында арнайы курстар басталды деп жазады newsroom.kz.

Мәдениет және спорт министрлігінің ақпарынша, курстың мақсаты – қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан- ұрпаққа жеткен рухани және мәдени мұрасын, сөз өнерiнiң асыл қазынасын жастарға жеткізу, жас жазушылар, ақындар, драматургтар, сыншылары үшін оқыту курстарын өткізу, жас әдебиетшілерге сапалы білім алу үшін жағдай жасау, жас дарындардың ақындық шеберлігін шынықтыру, олардың дамуы үшін жағдай жасап, жастардың интеллектуалдық өрісін кеңейту, эстетикалық талғамын ұштау. Сонымен қатар қазіргі заманғы жазушылар, ақындар мен драмматург, сыншылардың шығармашылығын насихаттау.

Сондай-ақ аталған курсқа республиканың 35 жасқа дейінгі жазушылары, ақындары және драматург, сыншылары қатыса алады. Курс 21 күн бойы онлайн форматта өтеді. Жобаны іске асырушылар қатарында ақын,  аудармашы, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Несіпбек Айт пен Роза Мұқанова, айтыскер, ақын, филология ғылымының кандидаты Серікзат Дүйсенғазы, ақын, профессор Жанат Аймұхамбет және басқа жазушылар мен ақындар, зиялы қауым өкілдері бар.

Атап өтерлігі, бұл жоба ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы тапсырмасына сәйкес, шығармашылық одақтар мен бірлестіктерді жүйелі түрде қолдау мақсатында ел Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып жатыр.

 

Мөлдір АХМЕТОВА

 

 

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button