Мәдениет

Оспан батырдың қайта жаңғырған суреті (фото)

Facebook әлеуметтік желісінде Шығыс Түркістанда тәуелсіздік үшін күрескен Оспан батырдың ескіде қалған суретін қайта жаңғыртып, өңдеуден өткізен Бекзат Бекболаттың еңбегі жұрттың сүйіспеншілігін оятты. 

Оспан Сіләмұлы, Оспан батыр (1889-1950) – Қытайдағы Шыңжаң өлкесінде болған ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, халық батыры. Алтай аймағының Көктоғай ауданының Өңдіқара қыстағында дүниеге келген.

Ол 1940 жылы Алтай аймағында Шың Шысай үкіметіне қарсы шыққан Көктоғай көтерілісіне белсене қатысқан. Көтерілісшілер жеңілген кезде Оспан батыр 1940 жылы Алтай аймағында Шың Шысай үкіметіне қарсы шыққан Көктоғай көтерілісіне қатысып, ерлігімен ерекше көзге түскен. Көтерілісшілер жеңілген кезде ол Шың Шысай үкіметімен келісімге келуден бас тартқан.

1941-1943 жылдары Оспан батырдың қол астына қытай өкіметіне қарсы көптеген қазақтар қосылып, қатары көбейеді. КСРО мен Моңғолия өкіметтері оны Шың Шысай үкіметіне қарсы пайдалану мақсатымен оларға өз көмектерін ұсынған. 1943 жылы Моңғолияның әскери қолбасшысы Чойбалсан мен Кеңес Одағының генералы Попов бастаған топ Оспан батырмен кездесіп, 1000 винтовка, 20 пулемет, қажетті оқ-дәрі және басқа қарулар береді. Оған қоса 2 әскери ұшақ, 200-дей жауынгер беріп, Қытай иелігіндегі Бұлғын бекінісін қайтарып алуға көмектеседі.

1949 жылы қазан айында Оспан батыр жасағы Қытай қызыл армиясының үшінші және алтыншы дала армияларына қарсы соғысады. Қытай билеушілеріне қарсы тоқтаусыз шайқасқан Оспан батыр ақыры 1950 жылы 19 ақпанда қазіргі Гәнсу өлкесіне қарасты Канамбол тауының Мақай деген жерінде Қытай қызыл армиясының қолына түсіп, Үрімжі түрмесінде өлім жазасына кесіледі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.