Мәдениет/Тарих

Қазақтан шыққан тұңғыш әйел кинорежиссер туралы білесіз бе?

0
(0)

КСРО кинемотографистер одағының мүшесі және кеңестік шығыстан тұңғыш шыққан қазақ әйел кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері – Дариға Байжұманқызы Тналина. Дариға Тналина Ақмола облысында туып-өскен. Әкесі Біләл Тналин -белгілі революционер, Сәкен Сейфуллинмен серіктес болған. Отызыншы жылдардың небір зобалаңын көріп өскен Дариға Байжұманқызы Алматы театр училищесінде білім алады. 1939 жылы Мәскеудегі ВГИК-ке түсіп, алдымен актерлік, сосын тек еркектердің кәсібі саналып келген режиссерлік факультетте оқиды. Атақты Александр Довженкодан сабақ алады, Вячеслав Тихонов, Сергей Бондарчук, Василий Шукшин, Сұлтан Қожықов, Нонна Мордюковалармен бірге оқиды. 1940 жылы «Романтики» деген киноға түсіп, басты рөлдегі чукот қызы Тин-тин рөлін сомдап шығады. Көп ұзамай сұрапыл соғыс туып, сол тұста басталған киномен байланысты кәсібін өмірінің соңына дейін үзген жоқ. «Мосфильмде» небір саңлақтармен 22 жыл қызмет ете жүріп, Қазақстанда «Алыстағы тауда», Қырғызстанда «Салтанат», Түрікменстанда «Ерекше тапсырма, Ресей мен Украинада «Илья Муромец» атты кинолар түсірген. 1964 жылдан «Қазақфильмнің» режиссері ретінде әлемдік және кеңестік алтын қордағы ондаған фильмдерді қазақ тіліне дубляж жасаған. Дауысты дәл берудің үлкен шебері болған. «Соғыс және бейбітшілік», «Багратион», «Атамекен» сынды фильмдерді қазақша сөйлетті. «Қыз бен жігіт», «Ботагөз» фильмдерінің киноленталарын қалыпқа келтірді. Мұның бәрі Дариға апамыздың ерен еңбегінің бір бөлшектері ғана. 2008 жылы кино саласының бар қыр-сырын «Өнер» баспасынан шыққан «Черно-белое кино» атты монографиялық кітапты жарыққа шығарды. Ол кітапта кино саласының мэтрі өткен өмір жолдарын, өмірінің өзегіне айналған кәсібінің қыр-сырын, отандық кинематографияның қалыптасу жолдарын бүге-шігесіне дейін баяндайды. Дариға апамыздың арманға жету үшін жасаған еңбектері өскелең ұрпаққа үлгі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close