Мәдениет/Тарих

Кенесары ханның бас сүйегі табылды

4.2
(113)

Қазақстанға Кенесары ханның бас сүйегін қайтарады. Бұл туралы Facebook парақшасында тарихшы Зиябек Қабулдинов мәлім етті, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

Тарихшы Зиябек Қабулдинов Кенесары ханның бас сүйегін қайтару бойынша жұмыстардың басталғаны жөнінде сүйінші хабар жеткізді. Ол өзінің Ресей Мәдениет министрлігі құрған арнайы комиссия құрамына шақырту алғанын мәлімдеді. Тарихшының сөзінше, Қазақ хандығының соңғы ханының бас сүйегін қайдан, қалай тапқаны туралы ақпарат әзірге құпия.

”Мен ұлы ханның бас сүйегін қайтару үшін құрылған сарапшылар комиссиясының құрамына кірдім. Бүгіннен бастап ұлттық тарихымыздың мүлде жаңа кезеңі басталады. Бүгін ынтымағы жарасқан екі мемлекет Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас тарихында жаңа деңгейге өтеміз, достығымыз одан әрі нығайып, бейбіт қарым-қатынас тереңдей түспек.

Мен Ресейдің Мәдениет министрлігі тарапынан Кенесары ханның бассүйегін қайтару жұмыстары бойынша ресейлік сарапшылар комиссиясының құрамына шақырту алдым. Келістім. Сүйінші! Кенесары ханның бассүйегі табылды! Мен оның қалай табылғаны немесе оның қай жерде жатқаны туралы нәзік нәрселерді жеткізе алмаймын. Ол белгілі бір ресмилікті талап етеді және ол дипломатиялық деңгейдегі дүние.

Бірақ бұл бастаманы Ресейдің жоғары билік өкілдері көтеріп отырғаны анық!”, – деп жазды тарихшы Зиябек Қабулдинов.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.2 / 5. Бағалар саны: 113

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Бір пікір

  1. Абылай ханның нмересі Кенесары ханның бассұйегінің табылғаны өте үлкен қуанышты хабар. Бұл біздің елімізге үлкен бетбұрыс жасауға ықпалын тигізеді. АллаҺ тағала қолдап еліміз дамып, үлкен жетістіктерге жетуге тиіспіз. Тек жақын арада Кенесары ханның бассүйегін елімізге жеткізіп, ел болып арулап жер қойнауына берсек, жанымыз жай табар еді. Аллаһ жар болсын, пайғамбарымыз Мұхамед қолдасын. Әмин!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button