Мәдениет/Тарих

Бағы ашылмаған Сталиннің жалғыз қызы

0
(0)

СССР диктаторы Иосиф Сталиннің жалғыз қызы Светлана әкесінің сүйікті қызы болғаны бағы мен сорына айналды. Оның жеке өмірі туралы қанша жазылса да, ашылмаған сырлары көп, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі.

Кремльдің ханшайымының Сталиннің қызының тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмасы анық.

Бала кезінен барлық жақсы нәрселерге иелік еткен Светлананың өмірі патшаның қызының өміріндей шалқып өтуі керек-тұғын. Алайда олай емес, ол да қарапайым адам. Әрі «жазмыштан озмыш жоқ» деген бар. Әкенің батасы, қыз баласына бақ сыйлары анық. Әке тілегіне неге қарсы шықты? Бағы ашылды ма?
Бүгін біз миллиондаған адамның алғысы мен қарғысына қалған диктатордың қызының өмірі туралы жариялаймыз.

Свелана алты жасында анасынан айырылған. Ол шешесінің өзіне қол жұмсағанын тек бірнеше жылдан кейін білген. Оған дейін соқырішектен қайтыс болған деп келген.
Бала күнінде Сталиннің оң қолы Берияның ұлы Сергоға ғашық болған деседі. Әкесі қызының бала махаббатын құптамады және қарсы болмады. Алайда қызметкеріне сенбейтіні туралы қызына үнемі құлаққағыс етіп отырған.

Нағыз ғашық болуды Светлана өзінен 23 жас үлкен Алексей Кеплерге сезінген. Ол кезде енді ғана 17 жасқа толған кезі. 40 жастағы продюссер және сценарист, ажырасқан еврей Кеплер де диктатордың қызына шынайы сезімін білдірген сыңайлы. Тек қана әкесінің білуі, ағылшын тыңшысы деген айыппен, айдауға жөнелтілуімен бұл қарым-қатынас тоқтайды. Бес жыл айдауда болған ол, ғашығына кездесуге келмекші болып, тағы да бес жылға айдауға жөнелтіледі. Дәл осы оқиға әке мен қызының арасына салқындық түсіреді. Түкірігі жерге түспейтін әкенің өз перзентіне сөзі өтпегені қатты батады. Ал қызының болса, өз кезегінде, әкеге деген махаббаты жек көру сезіміне айналады.

Осылайша Светлана әкенің тар қапасынан күйеуге шығып қана құтылатынын сезеді. Өзімен бірге оқыған Григорий Морозовқа тұрмысқа шығады. Сталин бұл некеге салқын қандылық танытады. 1945 жылы Иосиф атты ұлын өмірге әкеледі. Ал 1947 жылы Сталиннің бұйрығымен, ешбір себепсіз екі жас ажырасады.
Келесі күйеуін диктатор өзі таңдап береді. Ол Юрий Ждановтан Екатерина атты қыз босанады. Некесі үш жыл өмір сүреді. Бұдан кейін ол қарапайым, мейірімді анадан, суық әйелге айналады. Өзі шешім қабылдап, отбасымен айырылысады. Бұл кезде ауруға душар болған әкесі қызының өміріне немқұрайлы қарады.
Бұдан кейін Иван Сванидзеге тұрмысқа шығады. Ол Сталиннің бірінші әйелінің інісі болған. Әкесі оны алдымен жүйке аурулар ауруханасына жатқызып, кейіннен халық жауы етіп, айдауға жібереді.
Әкесінің өлімінен соң, Светлана Аллилуева,яғни анасының тегіне өтеді. Миллондаған адамның өліміне себепкер болған әкесінің тегі өзіне кері әсер ететінін білді.

Шын махаббатын Светлана 1963 жылы кездестіреді. Өзінен 26 жас үлкен Брадеш Сингх атты үндіске тұрмысқа шығуына Николай Хрущевтың өзі қарсы болған екен. Бұл махаббаты да ұзаққа созылмады. Қатерлі ісікпен ауырған ол, бес жылдан соң көз жұмады. Сингхтың соңғы аманаты бойынша, оның күлін Ганга өзеніне ағызып, ақтық сапарға аттандыру болатын. Светлана шетелдік сүйіктісін биліктің қарсылығына қарамастан, апаруға бел буады. Бұдан кейін ол Совет өкіметіне қайтып оралмады. АҚШ-ты паналаған ол, Уильям Питерске тұрмысқа шығады.

Архитектор болған ол нағыз қатынқұмар мен құмар ойыншысы болып шығады. Светлана осы кезде өз өмірі туралы екі мемуар жазады. Онда коммунистік жүйе мен әкесін айыптайды. Бұл кітаптар АҚШ-та жақсы сатылып, Светлана Сталина ауқатты әйелге айналады. Лана Питерс деп аты-жөнін өзгертеді. Светлананы американ жұбайы қарыздарынан құтылушысы ретінде көреді. Ортақ бір қызы Ольга Питерс дүниеге келген соң, әйелі мен қызын тастап кетеді. Кейіннен ол қызы Крис Эванс деп аты-жөнін ауыстырады.

Кремль ханшайымының барлық жағдайы жасалса да, бармақтай бағы болмады. Өз бақытын дүниежүзін шарлап та таба алмады. Әйел бақытын іздеп жүріп, ол аналық борышын өтемеген. Үлкен баласы Иосиф, кейіннен кардиолог болып танылған. Қызы Екатерина да әкесінің туыстарының үйінде өседі. Бала күнінде тастап кеткені үшін анасын ешқашан кешіре алмайды. Ал кенже қызы америкалық интернатта өскен.
Сталиннің қызы жалғыздықпен 2011 жылы қарттар үйінде қатерлі ісіктен қайтыс болды. Ол кезде жасы 85-те болатын. Оның денесі кіші қызына жөнелтілген. Ал қайта көмілгені туралы әлі күнге дейін бірде-бір мәлімет жоқ.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close