Мәдениет/Тарих

Бүгін ұлт зиялысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

5
(2)

Бүгін Қазақ әдебиетін зерттеуші, ақын, аудармашы,ұлт зиялысы, аудармашы, қоғам қайраткері, аты аңызға айналған Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген.

Қазақтың азат атқан таңын көруді аңсап кеткен Ахмет Байтұрсынұлы Алашорда үкіметінің мүшесі болды. Ұлт боп қалыптасуымызға ұлы қадам жасаған ұлт жанашыры.

Қазақ әдебиетінің тармақтарын зерттеп, тіліміздің сақталуына үлкен үлес қосқан.

А. Байтұрсыновтың өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады… А. Байтұрсыновтың арқасында санасыз түрде болмаса да шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады…

Міржақып Дулатов

Ахмет Байтұрсынұлы көптеген көркем аудармалармен айналысқан. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек»,А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», т.б.

Бірлік қып іс етуге шорқақ жұртым,
Табылса оңай олжа, ортақ жұртым.
Сияқты қара қарға шуылдаған
Үрейсіз қоян жүрек қорқақ жұртым.
Білмейсің жөнің менен терісіңді,
Ел болып іс етпейсің келісімді.
Үміт қып бәйге атындай талай қосып,
Байқадық шабыс түгіл, желісіңді.
Жөн айтқан жұртшылыққа адам болса,
Шығасың қолыңа ала керісіңді.
Бытырап бет-бетіңе жөнелгенде,
Көрдік қой жайылатын өрісіңді.
Келгенде өзді-өзіңе мықты-ақсыңдар,
Қайтейін өзге десе көнгішіңді.
Сықылды сынық бұтақ төмендесең,
Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?!

А.Байтұрсынұлы «Жұртыма» өлеңі

Ахмет Байтұрсынұлы 1937 жылы 8 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеден озды.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

bahis Casino Siteleri Baymavi Экскурсии в Мармарисе Аренда яхт в Бодруме Аренда яхт в Мармарисе Аренда яхт в Турции экскурсия памуккале дальян экскурсия эгейские острова мармарис остров клеопатры мармарис дайвинг в мармарисе турецкая ночь Scroll Up
Close