Мәдениет

«Томирис» Түркияда жүр

Томирис ханшайымның Түркияда да танымал тарихи тұлға екенін, оның есімінің қыздарға берілетінін айта кету керек

2021 жылғы 31 тамызда Ыстанбұлда «Томирис» фильмінің Түркиядағы премьерасы өтті. Тарихи драманың бауырлас елдегі алғашқы көрсетіліміне фильмнің режиссері Ақан Сатаев және басты рөлді сомдаған актриса Альмира Тұрсын арнайы қонақ болды. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған премьераға, сондай-ақ, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы мен Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Байел, Түркияның саясаткерлері, жергілікті зиялы қауым өкілдері және Ыстанбұлдағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы.

Ұлы даланың тарихын тартымды түрде паш еткен отандық фильмді жиналған көрермендер ыстық ықыласпен қабыл алды. Осы ретте Томирис ханшайымның Түркияда да танымал тарихи тұлға екенін, оның есімінің қыздарға берілетінін айта кету керек. Аталған кинотуынды 3 қыркүйектен бастап Түркиядағы екі жүзден астам кинотеатрларда көрсетілімге шығып, қалың көрерменге жол тартады.

Тәуелсіздікке арналған меркелік іс-шаралардың жалғасатынын айтқан Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Ә. Байел «Томирис» кинокартинасының Түркияның мәдени өміріндегі үлкен оқиғаға айналып, бауырлас халықтарды одан сайын жақындата түсетініне деген сенімін білдірді.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.