Мәдениет

«Еуразияның ортақ тарихи мұрасы» халықаралық сараптамалық отырысы өтті

«Еуразиялық мониторинг» аналитикалық зерттеулер орталығының алаңында видеоконференц байланыс режімінде «Еуразияның ортақ тарихи мұрасы» халықаралық сараптамалық отырысы өтті. Оған Қазақстан мен Ресейдің академиялық және сараптама қауымдастығының өкілдері қатысты.

Дискуссия барысында қатысушылар қоғамның саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінде қазақстандық философтардың, сондай-ақ мәдениеттердің еуразиялық диалогын нығайтуда қазақстандық тәжірибенің тарихи рөлін талқылады.

«Еуразиялық мониторинг» аналитикалық зерттеулер орталығының директоры Әлібек Түйметайұлы Тәжібаев дискуссия қатысушыларына былай деді: «Еуразиялық кеңістіктің тарихи мұрасын біріктірудің маңызын атап өткім келеді. Ол алуан мәдениеттерді сабақтастыратын өзіндік символдық, нышандық көпірі іспетті».

Әрі қарай спикер қазақстандық философ Әл-Фарабидің әр алуан шығармашылық және сан қырлы ғылыми қызығушылықтары туралы да айтып өтті.

«Қазіргі кезде Әл-Фараби туындылары антикалық һәм ислам мәдениетінің, Батыс һәм Шығыс идеяларының синтезі, жиынтығы екені аян. Ол адамның диалог пен мінсіздікке, биікке құлшынысын арттырды. Қазақстандық философтың идеялары ,ойлары заманауи Қазақстанда әлі де өзекті. Өйткені оның туындыларындағы ойларелдің ауқымды дамуының тұжырымдамасымен үндес. Қазіргі заманда Қазақстан еуразиялық көзқарастың, дүниетанымның қайнар көзі екені рас. Өйткені төл мемлекетімізде рухани құндылықтарға, қайнарларға, дәстүрлерге,тарихқа һам әдет-ғұрыптарға деген сүйіспеншілік сақталған» деп түйіндеді.

Өз кезегінде «Бірлік – Единство» геосаяси зерттеулер орталығының  этносаясатты және конфликтологияны оқып-үйрену секторының басшысы Артур Сулейманов еуразиялық кеңістік аумағындағы мемлекеттер ынтымақтастығында әлеуметтік-мәдени дамудың рөлін атап өтті.

«Біз егер 20-шы жүзжылдық аяғындағы оқиғаларды сараласақ әлеуметтік-мәдени құрамнан гөрі әскери-саяси һам экономикалық құралдардың басым моделі негізді, ойға қонымды. Бұл геосаяси мектеп, саяси шындықпен және прагматизммен анықталған. Бірақ, қазір бірінші орынға еуразиялық ынтымақтастықтың әлеуметтік-мәдени өлшемі, аразысы шықты. Тап осыған байланысты маңызды, өзекті әлеуметтік миссияның, мақсаттың бірі ғылыми сараптамалық қауымдастықтың нақты, айқын индикаторларын, айқындауыштарын табу. Оның үкіметтік емес ұйымдардың, білім беру мекемелерінің, мемлекеттік институттардың, гуманитарлық және әлеуметтік сипаттағы жобаларды іске асырудағы жұмыстардың тиімділігін бағалайтын дәргейі болуы тиіс. Біз елдеріміздің әлеуметтік- гуманитарлық ынтымақтастығын бағалағанда еуразиялық мәдениеттің еуропалықтан бөлек басқа екенін түсінгеніміз абзал. Ол өз мәнінде мөлдір, ашық екені анық. Түрлі елдер мен мәдениеттердің қосылу һәм еуразиялық шындықты байыту мүмкіндігі өзіміздің бәсекелестік артықшылығымызболып тұр. Осы бағытта жұмыс істегеніміз маңызды» деп түйіндеді ол.

Тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Ләйлә Ахметова қазақтың ұлы философы Абай Құнанбаевтың социумның әлеуметтік дамуында тарихи зор үлесін атап өтті.

«Ол үнемі қара халықтың кедейтұрмысына алаңдаушылық білдіріп, қамқор болды. Адам бойындағы негізгі жақсы қасиеттері білім, ғылымға һәм ағартушылыққа талпыну деп санаған. Абай қоғамдық қатынасты ізгілендіру қажеттігін философиялық негіздеуге талпынды. Ұлттар мен халықтарды тарихи прогрестіңүрдісіне қарамай біріктіруге талпынды» деп сөзін түйіндеді.

РФ президенті жанындағы РҒАШжМҚ Сібір институты-филиалыныңхалықаралық қатынас және гуманитарлық ынтымақтастық кафедрасының доценті Данил Шульга Еуразия кеңістігі ауқымды ұғым екенін атап өтті.

«Біздің тарихта көптеген ортақтығымызды көруге болатын тарихи мұраның алуан мысалдары көп.бұған тек посткеңестік елдер ғана кірмейді, басқа да елдер кіреді. Мысалы, Венгрия. Бүгінде бізде қажетті мол ғылыми топтар жұмыс істейді. Олар Қазақстандық және басқа елдердің әріптестерімен ынтымақтастықта. Әрбір халықтың төл мәдени мұрасы бар. Олар генетикалық түрде әр түрлі. Біз оларды оқып-үйреніп, өзімізше қорытынды жасауымыз қажет» деп атап өтті Данил Шульга.

Қазақстандық философтардың тарихи үлесін талқылауда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия кафедрасының профессоры Раушан Иманжүсіп мәдениеттер диалогында Шоқан Уәлихановтың еңбектерінің айрықша маңыздылығын айтты.

Сараптамалық отырыстың модераторы өз кезегінде тап Уәлиханов еуропалық және орыс өркениетінің Қазақстан мәдениетіне жақындастыру, кіріктіру үшін негіз жасады. Қазақ қоғамының саяси жүйесін жаңғырту һәм модификациялау қажет болғанда айтқан ойы.

«Уәлихановтың өткір сыны әлемдік қауымдастықтың идеялық санасында прогрессивтік тұжырымдамалар мен тенденциялардың дамуына баға жеткісіз үлесін қосты», деп түйіндеді Тәжібаев.

Барлық сарапшылар еуразиялық идеяны талқылау мен осындай диалог алаңдарын өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.