Мәдениет/Тарих

Калашников жайлы не білеміз?

0
(0)

Екінші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысының адамзатқа тигізген зардабы ешқашан ұмытылмайды. Оның ішінде қазақ еліне тигізген зардабы орасан зор, деп хабарлайды  NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі.

Биыл фашисттерді ойрандап, жеңіске қол жеткізген күнге 75 жыл толып отыр. Өкінішке орай, қан майданда жауға қарсы шыққандарды көзбен көргендердің саны азайып келеді. Енді олардың әңгімелері тек тарих беттерінде мәңгіге қалмақ. Бүгін біз соғыста жауға қарсы шыққан батырлардың қаруын ойлап тапқан адам жайында болмақ.

Сонымен Калашников батыр мен қару туралы қызықты деректерді ұсынамыз.

1.Калашников Михаил Тимофейұлы кеңестік жəне ресейлік атқыш қарулар конструкторы, техника ғылымдарының докторы, генерал-лейтенант, дүниежүзіне əйгілі Калашников АК автоматының ойлап табушысы жəне құрастырушы.

2.Михаилдың отбасындағы 17- ші перзенті. Ата-анасы 19 баланы өмірге әкелген. Алайда оның тек 8-і тірі қалған.

3.Алтай өлкесіндегі Курья ауылының тумасы, 18 жасында Түрксіб теміржолы бойындағы Матай станциясында жұмыс істеген.

4.1947 жылы Михаил Калашников автомат ойлап тапқаны үшін, I дәрежелі Сталин сыйлығымен және «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. Сыйлық ол кезде 150 мың рубльді құраған. Бұл ақшаға шамамен 10 көлік сатып алуға болады екен.

5.1947 жылы арнайы комиссия автоматты қабылдап, оған АК-47 «Автомат Калашникова-47» деген ресми ат береді. Бірақ қалың көпшіліктің арасында «Калаш» деп аталып кеткен.

6.Қарапайым үлгіде жасалғандықтан автомат өте қымбат емес. Тіпті кейбір мемлекеттерде тауықтан да арзан тұрады екен.

7.Калашников автоматы әлемдегі ең көп таралған автомат ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген. Қазіргі таңда дүние жүзінде 100 миллионға жуық Калашников автоматы бар.

8.Египетте, Синай аралдарының жағалауында арнайы Калашников автоматына ескерткіш орнатылған. Ал Иракта АК -47 автоматының үлгісінде салынған дүкендер бар екен.

9.Калашников автоматы 106 мемлекеттің әскери қаруында тұрады.

10.Бір қызығы, АК-47 компьютерлік ойындарда ең көп қолданылған қару.

11.Статистика бойынша жылына 250 000 адам АК оғынан ажал құшады екен.

12.Ирактың экс президенті Саддам Хусейннің алтын жалатқан Калаш автоматы болыпты.

Сондай-ақ Калаш қаруы ең танымал «ғасыр қаруы» деген атқа ие болыпты. Әрине соғыс кезінде жаудан қорғануға өз септігін тигізгені анық. Алайда алдағы уақытта қолдануға негіз болмаса екен тілегіміз бар.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close