Экономика

Елімізде ТМД-дағы ең үлкен жоба іске қосылады

5
(1)

Қазақстанда жылына қуаттылығы 240 миллион инкубациялық жұмыртқа шығаратын жұмыртқа өндірісі іске қосылады. Бұл ТМД-дағы ең үлкен жоба болады, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі.

Қазақстанда жылына қуаттылығы 240 миллион инкубациялық жұмыртқа шығаратын инкубациялық жұмыртқа өндірісі іске қосылады. Бұл ТМД-дағы ең үлкен жоба болады, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі.

Сарапшылардың айтуынша, елімізде құс етіне сұраныс жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2019 жылы Қазақстанда құс етін тұтыну деңгейі 373 000 тонна болған. Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 395 000 тоннаға жетеді деп болжанып отыр.

Алдағы уақытта еліміздегі құс фабрикасында бройлер балапандарының инкубациялық жұмыртқалары шығарылады.

Инкубациялық жұмыртқа – құстың сапалы тұқымын алу мақсатында шығарылатын тауықтың жұмыртқасы болып саналады.

Сондай-ақ, балапандардың тәуліктік санын аттыру мақсатында Қазақстандағы кейбір құс фабрикалары инкубациялық жұмыртқаны шетелден әкеледі.

Осы орайда «Aitas kz» компаниясы қуаттылығы жылына 240 миллион болатын инкубациялық жұмыртқа өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл ТМД-дағы ең үлкен жоба болады.

“Біз қоршаған ортаны жақсыртуды көздеп отырмыз. Өндірісті өркендету де жоспарда бар. Бұл біздің тұтынушылардың, қызметкерлердің, серіктестердің мақсаты болып саналады. Күн сайын жүз мыңдаған адамның өмірін қалай жақсартамыз деген ойда жүрміз. Бұл келісімнің сәтті жасалғанына өте қуаныштымыз. Осының нәтижесінде қысқа мерзімнің ішінде жеке өндірісімізді инкубациялық жұмыртқамен қамтамасыз ете аламыз, – деді компанияның бас директор Серік Толықпаев.

Оның айтуынша, инкубациялық жұмыртқа өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, өндірістің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жеке өндірістің валюталық тәуекелдерді азайтып, тасымалдың тоқтап қалуына жол бермейді, әрі биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close