Экономика

Сырым Ертаев: Сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын ашу екі жаққа да тиімді болары сөзсіз

5
(1)

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Сырым Ертаев Махамбетұлымен сауда-экономикалық ынтымақтастық жайында, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту жобалары жөнінде  сұхбаттасқан болатын.

– Өзбекстанмен шекаралас аумақтарда сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын ашу туралы көзқарас, пікіріңіз қандай?

– Көзқарас оң, бұл жоба «Нұр Отан» партиясының жол картасында әзірленген. Мемлекетпен тікелей осы жоба бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Екі ел арасындағы қарым- қатынас өте жақсы екеніне ел куә. Ауыл шаруашылық тауар өнімдерінің көбі Өзбекстаннан келіп жатыр. Сондықтан, сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын ашу екі жаққа да тиімді болары сөзсіз. Бұл қазіргі таңда өте өзекті мәселелердің бірі боп талқыланып жатыр.

Бүгін өз инстаграм парақшаңызға өндіріс бағдарламасына бөлінетін қаржының артуы туралы мәлімдеме жасадыңыз.

– Шағын және орта бизнесті дамытуға нақты қандай жоба жоспарларыңыз бар?

– Біздің елдің өндірісті дамыту фонды 10 жылда бір рет 1,8 миллиард теңге өндіріске ғана беретін. Әрбір кәсіпкерге талап қояды.

Мысалы, бір кәсіпорын сүт фабрикасын ашар болса:

1. Оған арнайы жабдықтардың барлығын шетелден алдырту қажет
2. Талаптары міндетті түрде санитарлық нормаға сәйкес болуы керек
3. Лабораториясы болуы керек

Сол айтылған талаптардың барлығы 100 % орындалған жағдайда ғана кәсіпорындарға бөлінген 1,8 миллиард теңгені ала алады. 6 %- бен 10 жылға беріледі.

Алайда, кәсіпкерлерге бұл бөлінетін 1,8 миллиард теңге өте аз. Сондықтан біз бұл қаражатты 5 миллиард теңгеге дейін көтеруді ұсындық. Әр кәсіпорын міндеттелген талаптарды орындай отыра, өз бизнесін дамытуға әрі қарай мүмкіндік алады. Бастысы, шығынға батып жүрмей, арнайы бөлінген қаражатпен алға жылжымақ. Өндірген өнімдерді экспорттайтын болады.

Яғни, барлық кәсіпорындардың өнімдерін шетелге шығару үшін оның 40-50 % мөлшерлемелі шығындары қайтарылады.

1.Жолақы шығыны
2.Жарнама шығыны

Біз қазіргі таңда осындай өндіріс бағдарламаларын кеңейтуіміз қажет. Біз қолдау көрсетуіміз қажет. Шағын және орта бизнес өкілдеріне мүмкіндік беріп, бұл ел экономикасына үлкен қарқын қосады.

– Қазақстанда жұмыссыз жүрген жастар өте көп. Бұл шешіміңіз көпке жұмыс ұсынғалы тұр. Алып-қосарыңыз бар ма? 

– Иә, жоба жүзеге асып, ұсыныс мақұлданса қаншама адам жұмыспен қамтылмақ. Тәжірибе жинақтайды.

Тағы айта кететін жайт, мемлекет өте жақсы қолдау көрсетуде. Бізде арнайы салаға сай технолог мамандар тапшы болғандықтан, шетелден алдыртамыз. 50 пайыз жалақыларын мемлекет төлеп беріп жатыр. Бұл бізге үлкен көмек.

Дереккөз: Adyrna.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button