Экономика

Қазақстандық мұғалімдердің орташа жалақысының қанша екені айтылды

3.1
(25)

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері еліміздегі мұғалімдердің орташа есеппен қанша алатынын айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

Ресми сауалға ведомство өкілдері Қазақстанның Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, білім саласындағы қызметкерлердің 2020 жылдың II тоқсанындағы орташа айлық жалақысы 184,4 мың теңге екенін айтып өтті. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 126,1 мың теңге болған екен.

Сонымен қатар министрлік өкілдері мұғалімдердің жалақысы неге байланысты болатынын да айтты.

Білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақы төлеу:

– білім деңгейі;

– біліктің болуы;

– еңбек өтілі;

– еңбек жағдайы;

– орындалатын жұмыс көлемі;

– өтемақы және ынталандыру түріндегі үстемеақылар мен қосымша ақының болуы (ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі бар болған жағдайда, сынып жетекшілігі үшін, дәптерлер мен жазба жұмыстарын тексергені үшін және т.б. қосымша ақы).

Дәл осы тақырып бойынша мұғалімдерден сауалнама алған болатынбыз. Олардың көпшілігі бұл ақпаратты растап отыр. Шынында мұғалімдердің жалақысының былтырғы жылмен салыстырғанда көбейгендігі байқалады. Сауалнамаға қатысқан 30 мұғалім нақты 184,4 мың теңгені ай сайын қолына алмаса да, орташа айлық жалақының осындай екенін айтып отыр. Ал 5 мұғалім бұл көрсеткішпен келіспейтінін жеткізді.

«Бұл көрсеткіш әр облыста әртүрлі. Сонымен қатар жалақы мұғалімдердің сағат саны мен еңбек өтіліне қарай беріледі. Дәл қазіргі уақытта айына 184,4 мың теңгені қолыма алмаймын. Мүмкін басқа мектептер мен облыстарда сондай шығар», – дейді Атырау облысының мұғалімі.

Ал тағы бір ұстаз өзінің жақсы жалақы алатынын айтып қалды.

«Шыны керек айлық жалақымыз былтырға қарағанда өсті. Еңбек өтілі, біліктілік деңгейіне қарай жақсы жалақы алып жатырмыз. Сонымен қатар сағат саны да алатын жалақымызға әсер етеді», – дейді Маңғыстаулық мұғалім.

Ақмарал БЕРЕКЕТ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.1 / 5. Бағалар саны: 25

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button