Ақтөбе

Ақтөбеде жүк көлігінің астында қалған велосипедші қайтыс болды

Жарақат алған жас жігіт оқиға орнында көз жұмды.

Ақтөбеде 30 жастағы велосипед жүргізушісін жүк көлігі қағып кетті. Жарақат алған жас жігіт оқиға орнында көз жұмды , деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«КаМАЗ» көлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласындағы 312-атқыштар дивизиясы даңғылы бойымен жүріп, «Шалқар» дүкені маңында велосипедшіні қағып кетті. Ол белгілендеген жерден жолды кесіп өтпек болған. Сол кезде жүк көлігімен соқтығысып, оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мұндай жерде адамдар көбіне велосипедпен жүреді. Жүргізушілер жылдамдықты сақтап, қырағы болуы тиіс. Кез келген сәтте адам немесе велосипед жүргізушісі шыға келуі мүмкін. Облыстық полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушысын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.