Қылмыс пен оқиға

Оралда жанармай құю бекетінен көлік ұрлаған

Оралда жанармай құю бекетінен көлік ұрлаған азаматтар белгілі болды, – деп Newsroom.kz хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Жуырда Орал қаласының Абай полиция бөліміне арызданушы келіп, көлігінің қойып кеткен жерінде жоқ екенін айтып арыз түсіреді. ВАЗ -2110 автокөлігінің иесі көлігі сынып келе жатқан соң қала орталығындағы жанар-жағармай құю станцияларының бірінің жанына ешкімге кедіргі жасамайтын жерге қойып кеткен. Бірақ арада бірнеше күн өткен соң келіп қараса көлігінің жоқ екендігін байқап, полицияға жүгінген.

Қолданылған жедел іздестіру іс-шаралары барысында Абай Пб криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері сол жанар-жағармай құю станциясының бір бұрышына орнатылған бейне бақылау камерасы арқылы, одан әрі көшеде орнатылған камералар арқылы белгісіз екі жігіттің көлікті сүйреп жолдың жанына қойғанын, одан соң көлікті эвукуатор көмегімен алып кеткенін байқайды. Тергеу барысында бөтеннің мүлкін заңсыз иемденген 42 жастағы күдіктінің осы жанар-жағармай құю станциясында жасайтын жұмысшы екені анықталды. Ол жасаған ісін мойындап, автокөлікті бөлшектеп сатып үлгергенін де жасырмады. Ұрланған зат жартылай тәркіленді.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Фото: Polisia.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.