Қылмыс/Оқиға

Ақтауда бойжеткенді танысы көлікте зорлаған

3.5
(4)

Ақтауда автокөлікте қыз зорлау оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақтауда тұратын бойжеткенді танысы көлікте зорлағаны туралы «Немолчи» қозғалысының әлеуметтік желідегі жазбасы жарияланды, newsroom.kz.порталы.

«Ол қыз пәк болатын. Кеше полицияға арыз берілді, бірақ әлі күнге дейін тергеуші белгілі емес, жәбірленушінің киімін де алған жоқ. Полицейлер күдіктіні ұстамады, оқиға орны да қаралған жоқ, көлікті айып тұрағына қоймады, тіпті сараптама да тағайындаған жоқ», – деп жазылған мәліметте.

Осыған қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

«2021 жылы 26 қазанда Ақтау қаласы полиция басқармасына қыз бала танысының оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскені туралы жазбаша арыз жазған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр», – деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.5 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button