Қылмыс пен оқиға

Есірткімен ұсталған: Mad Men тобының мүшелері 15 жылға сотталуы мүмкін

Үшеуі есірткі заттарын өндіруге қажет құрамды Ресейден жеткізсе, касса жұмысын екі азамат қадағалапты.

Есірткімен ұсталған Mad Men тобының мүшелері 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Оларға бүгін ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылды. Карантинда той бизнестен түсетін табысынан қағылып теріс жолға түскен әншілердің әрекетіне қатысты қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі

Топты 1994 жылы туған Х. есімді азамат басқарған. Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің көзіне Х. есімді ер адам 2020 жылдың қыркүйегінде түскен. Қолда бар жедел мәліметтерге сәйкес, топтағы адам бір жыл бойы Алматыда синтетикалық есірткіні өндіріп, оны сатып келген.

Жастар арасында танымал Mad Men тобының 2 мүшесі мен 8 сыбайласы бір ай бұрын есірткімен ұсталған. Топтың продюсері Руслан Хван мен Moora деген лақап атпен танымал әншісі екі қабатты үйді жалға алып, сонда есірткі бизнесін қыздырған. Үйді арнайы зертханаға айналдырып, синтетикалық ұнтақ дайындауға қажет заттармен жабдықтаған. Он адамнан құралған қылмыстық топтағы әрқайсысының нақты міндеті болған. Үшеуі есірткі заттарын өндіруге қажет құрамды Ресейден жеткізсе, касса жұмысын екі азамат қадағалапты. Тағы бірі тапсырыс  қабылдап, өзге төртеуі есірткіні қаланың әр бұрынышына тасымалдаған. Арасында 21 жастағы қыз бар. Қазір күдіктілердің бәрі қамауда отыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.