ӘлемдеҚылмыс/Оқиға

Түрік соты күйеуін атып өлтірген әйелді ақтады

4
(29)

Түрік соты  қоғамда үлкен резонанс тудырған Мелек Ипекті босатты. Қаңтарда 30 жастағы әйел күйеуін бірнеше сағат бойы ұрып-соғып, екі қызын өлтіремін деп қорқытқаннан кейін  мылтықпен атып өлтірді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап

Анталия соты көптеген жылдар бойы тұрмыстық зорлық – зомбылықтың құрбаны болған балалардың айғақтарын ескере отырып, бұл жағдайда қылмыс құрамы жоқ деп шешті, өйткені әйел өзін – өзі қорғауға жүгінген.

Менің бастан кешкенімді сипаттау мүмкін емес», – деді Мелек Ипек қыздарына. – Мен ешқашан күйеуімнің қайтыс болғанын қаламадым. Мені қолдағандардың барлығына алғыс айтамын».

Құқық қорғаушылар прокуратура айыпталушыға алты жылға бас бостандығынан айыруды талап еткенін ескере отырып, судьялардың шешімін құптады.

Осыдан бір ай бұрын президент Ердоған Түркияның Еуропа Кеңесінің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы конвенциясынан шығуы туралы Жарлыққа қол қойды. We Will Stop Femicide ҮЕҰ мәліметтері бойынша, өткен жылы бұл елде 300 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 29

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button