Қылмыс пен оқиға

Түркістандық полицейлер заңсыз аңшылықпен айналысқандарды құрықтады

Түркістандық полицейлер заңсыз аңшылықпен айналысқандарды анықтады, – деп Newsroom.kz хабарлайды Polisia.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Отырар аудандық полиция бөлімінің табиғатты қорғау тобының қызметкерлері, қоршаған ортаға, ондағы жасыл-желек, аң-құсқа залал келтірушілерді анықтау мақсатында, тұрақты түрде рейдтік-профилактикалық іс-шараларды өткізіп келеді. Осы мақсатта жүргізілген жұмыс барысында отырарлық полицейлер кезекті заңсыздықты анықтады.

Мәселен кешкі сағат 21:35 шамасында полицейлер мен қорықшылар Жаңа Шілік ауылының мал жайылымдық алқабынан күмәнді ВАЗ 2121 көлікті байқап, тоқтатады. Тексеру кезінде көліктен жергілікті үш тұрғын анықталды. Сондай-ақ олардың әрқайсысынан аңшылық қару табылды. Ал көліктің жүк салғышынан атып алынған 16 дана қаз бен 4 дана үйрек құсы табылып, тәркіленіп алынды.

Тәртіп сақшылары олардың қаруларын тексеру кезінде құқық бқзушылықты анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) бойынша хаттама толтырды.

Сондай-ақ үш ер адамның заңсыз аңшылығына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы (Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидалаларын бұзу) бойынша ескерту берілді.

Қазіргі таңда айғақты зат ретінде алынған құстар, мемлекеттік зообаққа құстың нақты қай түріне жататынын анықтау мақсатында жіберілді.

Фото: Polisia.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.