Қылмыс/Оқиға

Жанармай ұрлағандар ұсталды

0
(0)

Ал Павлодарда 17 миллион теңге шығын келтіргендер дронның көмегімен ұсталды. 50 және 47 жастағы жергілікті тұрғындар ірі көлемде жанармай ұрлаған. Күдіктілер осы қаланың жанармай құю стансаларына мұнай өнімдерін тасымалдаумен айналысатын ұйымның қызметкерлері болып шықты, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Криминалды полиция басқармасының мәліметінше, олар алдын-ала схема құрып, сол бойынша әрекет еткен екен. Өздері тасыған жанармайды құйып алып, артынша басқа жаққа тасымалдаған. Енді екеуі де сот алдында жауап береді. Кінәлары дәлелденсе, дүние-мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button