Қылмыс/Оқиға

0
(0)

Жетімді қорлаған. Қостанай облысына қарасты Рудный қаласындағы балалар үйінің тәрбиленушісі зорланған. Бұл сұмдық  мәліметті қоғам белсендісі Дина Таңсәрі өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады. «Не молчи» қоры жетекшісінің сөзінше, жетім қызды мекеменің қызметкері екі жылдан бері зорлап келген. Зардап шеккен жеткіншек қаскүнемнің  ДНҚ-сын жинап, одан әбден жәбір көргенін дәлелдепті. Қаскөй мұнысымен қоймай, тағы бір балаға білгенін істеген көрінеді. Алайда, өзін зорлаған азғын жазадан құтылып кете ме деп қауіптенген қыз қандай да бір мәлімдеме жасамай отырған көрінеді. Сондай-ақ, Дина Таңсәрінің сөзінше, күдікті бұрынғы полиция қызметкері көрінеді. Алайда, аймақтың полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ал күдікті ұсталып, қамалыпты, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

«Облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының өндірісіне балалар үйінің тәрбиеленушісінің зорлануына қатысты материал келіп түсті. Аталған қылмыс бойынша 1978 жылғы күдікті анықталып, қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр»,-дейді Қостанай облыстық полиция департаментінің таратқан мәліметінен.

Ал, облыстық білім басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен жеткіншектерді кәсіби психологтар бақылауға алып, көмек көрсетіп жатыр екен. Арнайы мамандардан құралған мобильді топ балалар үйінің өзге тәрбиеленушілеріне зорлық-зомбылық әрекеті жасалмағанын анықтапты. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button