Қылмыс/Оқиға

Түркістанда кәмілетке толмаған төрт бала, барлығы бес адам өлі табылды

4.5
(2)

Түркістанда жекеменшік үйде бес адам өлі табылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

«2021 жылғы 27 ақпанда сағат 18.35-те Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің «103» пультіне Түркістан қаласында жеке тұрғын үйінде көршілермен өмір белгілері жоқ 5 адам, оның ішінде 4 кәмелетке толмаған бала табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Үйде өрт белгілері табылған жоқ. Үйде табиғи газбен жылыту орнатылған», – делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Оқиға орнына ТЖД (6 қызметкер, 2 дана техника), ПД (15 қызметкер және 4 дана техника), жедел медициналық көмек ауруханасы (3 қызметкер және 1 дана техника), «ҚазТрансГаз» АҚ (3 қызметкер және 1 дана техника) қызметкерлері шықты», – делінген хабарламада.

ТЖМ өкілдері газ жабдықтарын пайдалану бойынша қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button