Карантин кезінде бір отбасы үйдің шатырырынан қашты(видео)

 529 

Ресми мәліметке сәйкес, өткен демалыс күндері қалада карантинді бұзған үш адам ұсталды. Мәселен, 34 жастағы ер адам үйдің карантинге жабылғанына қарамастан, бірінші қабаттың терезесінен секіріп, өз көлігімен қашып кетпекші болған. Алайда алысқа ұзаған жоқ. Полицейлер оны ұстап, үйіне қайтарды. Ал көлігін айыппұл тұрағына қойды.

«Мәшһүр Жүсіп 61 мекенжайында тұратын отбасы мүшелері шатыр арқылы қашып кетпекші болған. Бұл үй каратинге жабылған болатын. Соған қарамастан, отағасы кәмелетке толмаған қызын қолына алып, шатыр арқылы шығып кетемін деп ойлаған. Келіншегі де бірге болды. Көрші үйде тұратын адам олардың қашқанын камераға түсіріп алған», – дейді полицейлер.

Бүгінде төтенше жағдай режимі мен карантинді бұзғаны үшін әкімшілік хаттама рәсімделді. Енді карантин біткесін барлығы сот алдында жауап береді.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Павлодар облысында төтенше режимді бұзғаны үшін 1 020 адам ұсталған. 96 адам 5-10 тәулікке қамауға алынса, 199 адамға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұдан бөлек, 585 адамға ескерту жасалды. 412 көлік айып тұрағына қойылды.

https://youtu.be/ulBfDAEjhTU

 

Бөлісу: