Қылмыс/Оқиға

Зорлықшылар неге енді қамауға алынды?

0
(0)

Оралда таксиге отырған жолаушыны зорлағандардың кімдер екені белгілі болды. Аймақ полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтың мәліметінше, күдіктілер жергілікті тұрғындар. Бірінің жасы-  26-да, екіншісі – 28-де.  Екеуі де ұсталып, қамауға алыныпты. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасындай айтылды деп хабарлайды NewsRoom.kz. порталы.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ал 26 жастағы жәбірленушіден арыз 8 тамызда түскен. Оның сөзіне қарағанда, «Индрайвер» таксиіне тапсырыс берген кезде екі ер адам келген. Ештеңеден күдіктенбеген ол көлікке отырғаннан кейін жүргізуші бағытты өзгертіп, қала шетіндегі құс фабрикасы ауданына барған. Сол жерде қасындағы жолаушысы екеуі күш көрсетіп, қызбен жыныстық қатынасқа түскен.

«Геномдық сараптаманы ұзақ уақыт алады. Күні бүгін қорытынды алынды, дәлелдемелер жеткілікті. Соған сәйкес аталған қос тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деген Болатбек Белгібеков, бұған дейін кейбір БАҚ-та жарияланғандай күдіктілерден куәгер ретінде жауап алынып, босатылды деген ақпарат шындықа жанаспайды дейді.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button