Қылмыс/Оқиға

 Whatsapp-та қаржы пирамидасына құрылған ойын түрі анықталды

5
(1)

Қазақстанда қаржы пирамидасының белгілері бар тағы бір ойын түрі анықталды.

WhatsApp-та «Касса от ставки» аталатын чат табылды. Қазақстандықтарға «спорттық іс-шараларға тиімді ставкалар» арқылы 50% табыс табуды ұсынылды, деді Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Чатты құрған Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Алаяқтықтың құрбаны 14 адам болды. Олар пирамидаға 30 мыңнан жүз мың теңгеге дейін қаражат салған.

Сондай-ақ, Нұрмағамбетов Шымкентте тұрғындардың бірі WhatsApp арқылы «ақша көбейту» сылтауымен алаяқтықпен айналысқанын айтты. Жәбірленушілерге жалпы сомасы шамамен төрт миллион теңге материалдық залал келтірілді.

Өткен жылы қазақстандықтар «Котел, или Черная касса» атты ойынға ақша салып, қаржы пирамидасына еліміздің түрлі өңірлерінің тұрғындарына кірген еді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button