Қылмыс/Оқиға

«СҚ-Фармацияның» экс-басшысы Берік Шәріптің ісі бойынша сот басталды

2.5
(2)

Нұр-Сұлтанның Есіл сотында «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісі бойынша алғашқы сот отырысы басталды.

Судья Қанат Дүйсембиев Берік Шәріпке қатысты қылмыстық іс 361-баптың 4-бөлігі 3-тармағы және 287-баптың 2-бөлігі бойынша қаралып жатқанын айтты. 361-баптың «Қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану» дерегі бойынша айыпталушыға мүлкін тәркілеу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру, 7 жылға дейінгі мерзімге бостандықты шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал 287-баптың «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз иемдену, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» дерегі бойынша 2000 АЕК-ке дейін айыппұл (5,8 млн теңгеден астам), немесе «сәйкесінше мөлшерде» түзеу жұмыстары, немесе 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту, немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске салсақ, сот отырысына дейін бірнеше күн қалғанда Берік Шәріп оны қамаудан босатуды сұраған болатын. Ол тергеумен бірлесе жұмыс істегенін алға тартқан. «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы 2020 жылдың тамызында қамауға алынған болған. Ол Қазақстанда төтенше жағдай кезінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу барысында өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Кейінірек іс «қызметке салғырт қарау» бабы бойынша қайта қаралды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы басшысы Алик Шпекбаев хабарлады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button