ӘлемдеҚылмыс/Оқиға

Ресейдегі қазақтардың төбелесі: СІМ түсінік берді

5
(4)

Ресейдің Мурманск облысында вахталық әдіспен жұмыс істеп жатқандар арасында жаппай төбелес болды. Олардың арасында қазақтар да бар. Оқиғаға қатысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров түсінік берді.

«23 наурыз күні сағат 20:30 шамасында Мурманск облысы Белокаменка ауылының жанындағы Ірітоннажды теңіз құрылымдары орталығының құрылыс алаңдарының бірінде вахталық жұмысшылардың, соның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен жаппай төбелес болды. Бұл жағдай тұрмыстық оқиға сипатына ие. Компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда мәселе шешіліп, қызметкерлер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, жарақат алғандар және құқық қорғау органдары ұстап алып кеткен азаматтар арасында қазақстандықтар жоқ»,», – деді Айбек Смадияров.

Ведомство өкілі сондай-ақ ҚР Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы мәселені өз бақылауында ұстап отырғанын жеткізді.

Айта кетсек, әлеуметтік желілерде Мурманск өңірінде қазақтар өзге ұлт өкілдерімен төбелескені туралы видеолар тарады.

Жаппай төбелесте алты адамның зардап шеккені хабарланды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын полиция тексеріп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандық және кавказдық жұмыскерлердің арасында болған жанжал асханада әлдекімнің бөтен орынды иеленіп алғаны себебінен туындаған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button