Қылмыс пен оқиға

Ақтау Балташылары! Екі адамға зорлық көрсетті деген күдіктілер қолға түсті

Exk.kz дереккөздеріне сүйене отырып, Ақтауда екі адамды жалаңаш шешіндіріп балғамен ұрып жазалағандар қамауға алынды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Бұған дейін ғаламторда адамдар бейнесі анық көрінбейтін бейнежазба тарап, озбырлық оқиғасы жария болған еді. Онда бұзақылардың екі адамды шешіндіріп, жазалап жатқаны анық байқалды.

Осы оқиғадан кейін Ақтау қалалық ПБ Криминалдық полиция қызметкерлері жағдайды анықтауға кіріскен.

«Тексеру барысында бетперде киген күдіктілер екі адамға зорлық көрсетіп, балғамен ұрған. Сонымен бірге басқа да бұзақылық деректері анықталды. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша іс қозғалып, күдікке ілінген төрт адам 2 айға қамауға алынды», — деді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Ақтау балташылары телеграмда, зорлық видеосы

Фото: Видеодан алынған @aktau_112 telegram-канал

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.