Қылмыс пен оқиға

Ақтөбеде 8 мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті

Inform.kz дереккөздеріне сүйене отырып, Ақтөбеде 8 мектепке бомба қойылғаны туралы хабарлама түсті. Полиция жедел тексеру жүргізді, деп newsroom.kz хабарлайды.

Ақтөбе қаласындағы № 2, 14, 31, 25, 9, 35, 34, 17 мектептерге жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсіп, түске дейін оқитын балалардың барлығы эвакуацияланды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, хабарлама ІІМ-нің электронды поштасынан түскен.

«Полиция департаменті анонимді хабарламаның авторын анықтау және күдіктіні ұстау үшін жедел шараны қолға алды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ақтөбе облысының Полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын және ҚР ҚК 273-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Фото: inbusiness.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.