Қылмыс/Оқиға

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков ұсталды деген ақпарат тарады

0
(0)

«Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековты құқық қорғау органдары ұстады. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Бұл ақпаратқа қатысты мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді.

«Вице-министрдің ұсталғаны туралы ақпарат жоқ. Сәкен Мұсайбеков 22 ақпан мен 5 наурыз аралығында еңбек демалысына кеткен. Мемлекеттік қызметкерлер еңбек демалысы үшін алдын ала хат жазып, жоспарлы түрде демалысқа шығады», – дейді министрліктің баспасөз қызметі.

Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақпаратқа қатысты пікір білдіре алмайтындарын жеткізді.

Мұсайбеков Ұлттық олимпиадалық комитеттің бас хатшысы болған. Тек 2020 жылдың мамырында министрлікке қызметке келді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button