Қылмыс/Оқиға

Instagram-ға видео салған атыраулық сотталып кетті

1
(1)

Атыраулық 22 жастағы тұрғын Instagram желісіне аудио және видео материал жүктегені үшін сотталды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Polisnews.kz басылымына сілтеме жасап.

Атырау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, 22 жастағы жігіт дін маманы Ибн әл-Джаузидің идеясын насихаттайтын аудио-видео материалдарды Instagram желісінде жариялаған. Діни сараптаманың қорытындысына сәйкес, бұл жазбалардың мазмұны Қазақстанда қолдануға және таратуға тыйым салынған.

Сол себепті ер адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 453-бабын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Сот қаулысына сәйкес ол 55 560 теңге (20 АЕК) айыппұл төлейді. Сонымен қатар әлеуметтік желідегі парақшасы жабылды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close