Қылмыс/Оқиға

Кімге барамыз: сот алданған үлескерлерді қорғаудан бас тартқан

0
(0)

Елордадан баспана алып, қоныс тойын тойлаймыз деген үлескерлердің арманы он төрт жылдан бері орындалмай келеді. Құрылысы жаңадан басталған баспанаға қомақты қаражат құйғандар қолдарында барлық құжаттары болса да пәтерлеріне кіре алмай әлек. Өйткені, серіктес компанияның басшылығы екінші қайтара сатып жіберген екен. Бұдан бөлек, құрылыста да талай құйтырқылықтың жатқандығын жайып салды. Ал, Жоғарғы сот бұл азаматтарды жәбірленушілер қатарынан алып тастапты. Шындық іздеп шырылдағандар біздің арнадан көмек сұрап хабарласты. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Доказательство, анау-мынау жоқ дейді. Доказательство бәрі бар. Неше, 200 бірдеңе том».

Том-томдап дәлел көрсеткендер діттегендеріне әлі де қол жеткізе алмай келеді. Барлығы сонау 2006 жылдан басталған. Жаңадан бой көтеретін тұрғын үйден баспана алуды көздеген азаматтар қыруар қаражаттарын «Ремас» компаниясына құйыпты. 2 жылдан кейін қоныс тойын тойлаймыз деп үміттенгендер соңында пәтерлерін өзге біреулердің иемденіп жатқанын байқаған.

Еділжан ТАКИРОВ, үлескер:

Қазір менің қолымда барлық құжаттарым бар. Келісім-шарт, ақшаны «Ремас» компаниясына аударғаным туралы түбіртек барлығы тұр. Бірақ, өзгеге сатып жібергендіктен қазір ол үйде басқа біреулер тұрып жатыр. Талай уақыт өтсе де ешқандай нәтиже жоқ».

Көпшілік қаражатын берген «Ремас» компаниясы сол уақытта бұл тұрғын үй кешенін салуды серіктес «Тамыз инвест группен» келісімшарт жасасып, толықтай бітірмек болған. Он пайыз әуелгі салымшылардың үлесі болса, қалған тоқсан пайызы серіктесіне деп келісілген. Бірақ «Тамыз инвест групп» уағдаласқан баспаналарды да өзгелерге сатып жіберген. Мұны соңында білгендіктен қос компания арасында осыдан кейін сот процессі басталған. Алғашында жеңіске жеткен тұрғындар, Жоғарғы соттың шешімімен жәбірленушілер қатарынан шығарылыпты.

Айгүл Атаханова 2012 жылы бұл маңға адамдардың кіріп жатқанын байқап ештеңеге қарамай өз пәтеріне қоныстанған. Бірақ, әлі күнге дейін үйді толықтай өз атына аудара алмай әлек. Ал, 2013 жылы «Тамыз инвест групп» компаниясының 13 қабатынан бір бөлмелі пәтер сатып алған Әсел Әбіқаева мұндай құйтырқы тірліктен хабарсыз болған. Басында жөндеу жұмыстары бітпеді деп сылтау естісе, кейіннен қыруар қаражат берген пәтерінің сүрілетіні туралы шешімді көрген.

«Ремас» компаниясы алғашында бұл жерге 9 қабатты тұрғын үй салуды жоспарлап, рұқсатын алған. Алайда, «Тамыз инвест групп» оны ысырып тастап 13 қабатты баспаналар тұрғызыпты. Тіпті, жалған құжаттар көрсетті деген компания басшысы дәлел жеткілікті болғанымен, Жоғарғы соттың неліктен мұндай шешім шығарғанына наразылық білдіруде.

Нажмудин АБДУЕВ, «РЕМАС» компаниясының басқарма төрағасы:

Құрылыс салуға рұқсаты жалған. Құрылыс салуға лицензиясы жоқ. Үлескерлерді тартуға лицензиясы жоқ. Ең бастысы 9 қабатты үйдің орнына 13 қабатты тұрғын үй салып жатқанда неліктен бұлай деп едім, барлығына рұқсатымыз бар деді. Енді олар қамауда жатыр. Бірақ, басында барлығы дұрыс жүргізілгенімен, Жоғарғы сот салымшыларды неліктен жәбірленушілер қатарынан шығарып тастағанын түсінбеймін».

Басқарма төрағасының айтуынша, Жоғарғы соттың шешімі өткен жылдың желтоқсан айында шығыпты. Онлай режимде өтті және дәлел аз деп осындай шешім шығарды дегендер мұнымен келіспейді. Бұл мәселе бойынша Жоғарғы сотқа хат жолдадық. Әзірге, жауап бермеді. Ал, шешімін таппаған оқиғаға байланысты салымшылар президентке де хат жолдаған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button