Қылмыс/Оқиға

Үш балаға оқ атты: Тараздағы оқиғаның қалай болғаны белгілі болды

4
(1)

Тараздағы мектеп оқушылары арасындағы атыстан зардап шеккендер бірнеше күннен соң ауруханадан шығарылады. Дәрігерлер олардың өміріне төнген қауіп жоқ екенін айтты. Ал полиция жағдайға қатысты әлі толыққанды ақпарат бермеді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі «Алматы» арнасына сілтеме жасап.

Таразда 15 сәуір күні болған жағдай жаға ұстатады. Алдын ала мәлімет бойынша оқиға Шөлдала ауылында түнгі сағат 01.00  шамасында болған. Жағдайға байланысты полиция әлі толыққанды ақпарат бермеді. Дегенмен жасөспірімдер сөзге келіспей бір-бірін кездесуге шақырған көрінеді. Сол аумақтағы каналдың маңында тұрған балаларға үш автокөлік жақындап, белгісіз қарумен оқ жаудыра бастаған. Жараланған жасөспірімдер түнгі сағат 1:30-дарда ауруханаға өздері келіпті.

Бір баланың иегіне тиген мойнына тиген және екі білек аймағына және екі сан аймағына тиген.  Алыстан болғаннан кейін шашыранды болып жарақаттанған. Балалар түскен уақытта бірінші хирургиялық өңдеу жасап, толыққанды медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда балалардың жағдайы қанағаттанарлық», – деді травматолог-ортопед Демеу Әліпбаев.

Балалардың бірі 16 жаста, қалған екеуі 17-дегі бозбалалар. Дәрігерлер  жеткіншектердің денесінен бас аяғы алты оқ шығарған. Абырой болғанда, бытыра оқтары денелеріне терең дарымапты. Ішкі мүшелері зақымданбаған. Қазір науқастар ем қабылдап жатыр. Ал, құқық қорғаушылар қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, қамауға алғандарын айтады.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмысты жасаған күдікті ұсталып, қамауға алынды. Кәмелетке толмағандардың денсаулық жағдайы тұрақты, өміріне ешқандай қауіп жоқ», – деді қалалық полиция басқармасы №2 полиция бөлімінің бастығы Бейбіт Нәлеков.

Күдіктінің қанша жаста екені, қарулы қылмысқа неліктен барғаны әзірге белгісіз. Себебі полиция тергеу құпиясына байланысты басқа да ақпараттарды жарияламады.  Ал, аурухана төсегіне таңылған балалар жақын күндері үйлеріне оралмақ.

Айта кетерлігі, аталған Шөлдала аумағында жасөспірімдердің құқық бұзушылығы жиі орын алады. Еске салсақ осындан 10 ай бұрын 8 сынып оқушысы 8 жерден пышақталып қаза тапқан болатын.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button