Қылмыс пен оқиға

Алматы полицейлері ер адамды суицидтен құтқарды

Алматы полицейлері ер адамның өмірін сақтап қалды, – деп Newsroom.kz хабарлайды Polisia.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Қиын жағдайда сасқалақтамау, жедел әрекет ету және учаскелік инспекторлардың үйлесімді іс-әрекеті 65 жастағы ер адамның өмірін сақтап қалуға көмектесті.

Есенберлин көшесіндегі үйлердің бірінде қайғылы оқиға орын ала жаздады. Үй иесі мас күйінде өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Бірақ алдымен қоштасу үшін туыстары мен достарына телефон соққан. Бірінші болып досы дабыл қақты. Ол бірден “102” нөміріне қоңырау шалған.

– Үйдің есігі құлыптаулы болды, оны сындыруға мәжбүр болдық. Үйге кірсек, бұл адам пештің жылыту құбырында ілулі тұрды. Мен көтердім, серіктесім оны шешіп алды. Алғашқы медициналық көмек көрсеттік. Ауаға шығардық. Жедел жәрдем шақырдық, – деді Медеу аудандық ПБ ЖПҚБ УПП-нің учаскелік инспекторы Алмас Жанғали.

Дәрігерлер зардап шеккен адамға көмек көрсетті. Осыдан кейін ғана ол орны толмас қателік жіберуі мүмкін екенін түсінді.

– Өмірімді сақтап қалған полиция қызметкерлеріне үлкен рақмет! Бұлай болғанына кешірім өтінемін. Қателік жасадым, – деді тұрғын.
– Жағымсыз жағдай. Полиция қызметкерлеріне мың алғыс. Оны шешіп үлгерді. Үлкен рахмет!, – дейді туысы.

Фото: Polisia.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.