Қылмыс/Оқиға

Алматыда пәтерде есірткі өндіріп келген зертхана әшкереленді

5
(1)

Алматыда тағы бір есірткі зертханасы әшкереленді. Ол жерде бірнеше айдан бері үш адам синтетикалық есірткіні өндіріп келіпті. Олардың жолын кесу үшін полицейлер ізіне түсіп, барлығын қылмыс үстінде қолға түсірген. Бұл туралы  туралы Newsroom+ақпарат агенттігі   Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Есірткі сатумен айналысқандарды қолға түсіру үшін полицейлер қаланың қақ ортасында арнайы операция ұйымдастырған. Шара барысында екі күдікті ұсталып,  тексеру барысында оның бірінен есірткі тектес зат табылған.

Есірткі саудасымен айналысқанын бірден мойындаған ол нашаны жалдамалы пәтерде жасап келгенін айтқан.

«Квартира обарудована? Мы делали все стерильно. Есть специальное обарудование? Есть».

Күдіктілер жалдамалы шағын пәтерді нағыз есірткі өндіретін цехқа айналдырыпты. Тінту барысында есірткі жасауға арналған түрлі қоспалар мен қондырғылар табылған. Тәркіленген заттардың көлемі он келіден асып жығылады. Осы жерде әзірлеп, өлшеп, қаптамаларға салып, сатуға шығарып отырыпты. Сот-химиялық сараптама қортындысы оның «Мефедрон» деген синтетикалық есірткі екенін көрсеткен.

Салтанат ӘЗІРБЕК, Қалалық полиция департаментінің Ресми өкілі:

«Қазіргі таңда осы өндірісте қолданылатын заттардың Алматы қаласына қандай жолмен келгені анықталу үстінде. Бұл азаматтардың бірнеше ай бойы жұмыс істегеніне көзіміз жетіп отыр. Нақты қанша уақыттан бері осы синтетикалық өндіріп, саудаға салғанын анықтайтын боламыз».

Наркологтардың айтуынша, «Мефедрон»  химиялық элементтің қосындысынан жасалатын синтетикалық есірткі екен. 2007 жылы ваннаны жуатын тұз ретінде жасалыпты. Оны тұтынған адамның еңбекке қабілеті артып, көңілі көтеріңкі болатын көрінеді. Бірақ, оны бір рет тұтынғаннан кейін оған деген тәуелділік пайда болады екен. Ләззат алу үшін келесі жолы мөлшерін арттырып отыруға мәжбүр болады. Көбіне оған жастар мен жасөспірімдер әуес келеді.

 Таймас СЫРЫМОВ, Нарколог:

«Оны тұтынған адам жоғарғы қан қысымы ауруына шалдығады. Жүйке жүйесі сыр беріп, тоқырауға ұшырап, шизофренияға шалдығады. Үнемі агрессияға тап болып айналасына көңілі толмайтын болады. Оны дер кезінде қаратса емдеуге болады».

 

Есіртікі жасау кәсібін 23,24 және 26 жастағы үш жігіт дөңгелетіп келіпті. Енді олардың қылмыстары толығымен дәлелденетін болса, 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Жыл басынан бері 73 синтетикалық есірткі саудасына қатысты қылмыс тіркеліп, 40 келіден астам есірткі тәркіленіпті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close