Қылмыс пен оқиға

Жамбыл облысында іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Жамбыл облысында іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, – деп Newsroom.kz хабарлайды Polisia.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

9 ақпан күні Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі қылмысы үшін іздеуде жүрген күдіктіні ұстады. 30 жастағы азамат Байзақ ауданынан табылды.

– Күдіктіге 2022 жылдың 2 желтоқсанында іздеу жарияланған болатын. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Яғни, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – деді Әлім Бажықбаев.

Еске сала кетейік, жуырда Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласында қылмыс жасаған іздеудегі күдіктілердің тізімін БАҚ-қа жариялаған болатын.

Фото: Polisia.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.