Қылмыс/Оқиға

Екі әйелмен көңіл көтеріп, артынша пышақтап кетті

0
(0)

Таразда бір әйелді өлтіріп, екіншісін ауыр жаралап кеткен күдікті ұсталды. 42 жастағы ер адам үйіне келген кезде пышақ жарақатын алған анасы мен жұбайын көріп, бірден полиция мен жедел жәрдем шақыртыпты. Оқиға орнына келген дәрігерлер келіншектің көз жұмғанын анықтаған, ал көмекке жүгінген азаматтың анасы облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Ұсталған қаскөй кінәсін мойындаған. Ол бұрын кісі өлтіріп, зорлағаны үшін сотты болған екен. Қаскүнемнің сөзінше, ол қос әйелмен бірге спирттік ішімдік ішіп, артынан жанжал туындаған. Соның салдарынан ол екеуін де пышақтап тастапты. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі   Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бегман ҚҰТМЫРЗАЕВ, Жамбыл облыстық  Полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің маманы:

«Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Пригородное ауылының 40 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Аталған дерекке қатысты Адам өлтіру және Кісі өлтіруге оқталу ҚР ҚК 99 бабының 1 тармақшасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды».

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close