Қылмыс пен оқиға

Сұмдық! Көшеде ер адам 13 жасар қызды ұрып-соқты

13 жасар қыздың ата-анасы күндіз елдің көзінше жасалған әрекетке наразы. Көшеде адамдар ер адам жерде жатқан қызды ұрып-соғып жатқанын көре тұра жанынан өтіп кеткен. Оқиға сол маңдағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп newsroom.kz хабарлайды kz.oqu.news дереккөздеріне сүйене отырып.

Интернет желісінде таралған бейнежазбада ер адам қыздың артынан қуып, оны жерге шалып құлатып, бірнеше рет соққы жұмсап, теуіп жіберген, содан соң оқиға орнынан жайбарақат кеткені көрінеді.

Оқиғаға полиция түсініктеме берді. Белгілі болғандай, ер адамның мұндай әрекетіне 13 жастағы қыздың сөзге келіп қалғаны себеп болған. Нәтижесінде жасөспірімге дене жарақаты салынды.

«Аталған факті тіркелді. Оқиға орнына автопатруль шықты. Оқиғаға қатысқанның бәрі № 10 учаскелік полиция бөліміне жеткізілді. Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы шақырылды», — деп түсіндірді қалалық ПД. Сотқа дейінгі іс жүргізудің қозғалғаны туралы хабарланбайды.

Сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша жазалау туралы шешім қабылданады. Психологиялық жағдайына бағалау жүргізілетіні туралы хабарланбады.

Оқушы қыздың ата-анасы арыз жазып, кінәліні жауапқа тартуды талап етті.

«Сол күні қызымның туған күні болатын. Ол құрбысымен бірге дүкенге азық-түлік сатып алуға барған. Оған шабуыл жасаған ер адам кезекте, олардың артында тұрды. Қыздар бір-бірімен сөйлесіп тұрғанда, еркек олардың әңгімесіне араласып, мені дөрекілік жасадың деп қызыма қол көтерген. Қызым қорқып, сыртқа жүгірді», — деді зардап шеккен оқушының анасы Валентина Горобец.

Әйелдің айтуынша, ер адамның соққысынан қыздың аяғы мен қабырғасы көгеріп, ісіп кеткен. Қыздың қаншалықты ауыр психологиялық жарақат алғаны туралы айтылмады.

«Полиция бөлімінде шабуыл жасаған ер адам әйелімен бірге болды, ол менің қызыма сыйлыққа деп екі мың теңге беріп, құтылып кетуге тырысқан. Еркектің өзі қызымды басқа қызбен шатастырғанын мәлімдеді. Баламызды көшеде ұрып-соғуы мүмкін екені өте қорқынышты. Біз бұл адамды жазалауды талап етеміз», — деді зардап шеккен оқушының анасы.

Сондай-ақ, әйел бейтаныс адамның қызын ұрып-сққанын көре тұра тоқтатуға тырыспаған адамдардың бейжайлығына ашуланды.

Түсінемін, бәріміздің жұмысымыз бар, бәріміз әрдайым бір жаққа асығып жүреміз. Бірақ еңгезердей жігіт көшеде кішкентай қызды ұрып-соғып жатқанын көре тұра, араласпау адамгершілікке жат нарсе деп есептеймін, — деді павлодарлық әйел.

Фото: kz.oqu.news

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.