Қылмыс пен оқиға

Жамбыл облысында есірткі қылмысын ашу барысында қару-жарақ сақталған орын табылды

Жамбыл облысында есірткі қылмысын ашу барысында қару-жарақ сақталған орын табылды, – деп Newsroom.kz хабарлайды Polisia.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Төле би ауылында бос қалған ғимараттың ішінен арсенал қару-жарақты тапты.

Полицейлер жартылай  автоматты тегіс ұңғылы Mossberg мылтығын, екі тегіс ұңғылы ИЖ-16 мылтығын, екі ұңғылы ТОЗ-16 екі шолақ мылтықты, төрт ұңғылы ПБ-4 Оса тапаншасын, Револьвер Reg agent газ тапаншасын, ПМ тапаншасын, жарық дыбыстық гранаталар мен оқ-дәрілерді алды. 

Табылған ПМ тапаншасы қаңтар оқиғалары кезінде  Полиция департаментінің  қоймасынан ұрланған екен.  

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірхановтың ақпаратына сүйенсек, есірткіге қарсы күресушілермен жыл басынан бері төрт қару-жарақ орны табылды.

Жақында ғана Тараз қаласы “Тектұрмас” кесенесінің аумағында және Ниетқалиев көшесінің бойындағы салынып бітпеген үйдің жертөлесінен  газды-травматикалық тапаншалары, ПМ тапаншасы, Benelli САТ 13299 карабин, екі ұңғылы аңшылық шолақ мылтық, жарық дыбыстық және газ шашатын гранаталар, оқ-дәрілер жасырылған екі орын табылды.

Алынған қару-жарақтың кейбіреулері Алматы қаласындағы қару-жарақ дүкені мен екі Полиция департаментінің қоймасынан ұрланғандар қатарында. Осыдан бір күннен кейін Талдықорған қаласында есірткі өткізушінің пәтерін тінту барысында газ пешінің ішінен есірткі салынған пакет, шарықшақты граната және оқ-дәрілер табылған.

Барлық дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-баллистикалық сараптамалар жүргізіліп жатыр. Ведомствода қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыру, сондай-ақ қару-жарақ жасырылған жер туралы мәліметтерді хабаралау, егер құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, заңмен қудаланбайтындығын ескертті. Есімдердің жарияланбайтындығына кепілдік беріледі.

Фото: polisia.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.