Қылмыс пен оқиға

ҰҚК: арнайы операция нәтижесінде 7 адам ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның көмегімен 20 қарашада жаппай тәртіпсіздіктерді жоспарлап, ұйымдастырмақ болған қылмыстық топтың жолын кесті, деп newsroom.kz хабарлайды exk.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Комитет Баспасөз қызметінің мәліметінше, арнайы операция нәтижесінде 7 адам ұсталды. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 179-бабының 2-бөлігі және 272-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу басталды. Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Олар жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға, мемлекет пен құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттарына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне қару мен тұтандырғыш қоспаларды қолдану арқылы шабуыл жасауға дайындалған , — делінген ҰҚК ақпаратында.

Топтың әрбір мүшесінің рөлі нақты бөлінген, қылмыстық жоспарлар жасырын шараларын сақтай отырып, тұрақты кездесулер барысында талқыланып отырған.

Топ мүшелері «Молотов коктейльдерін» жасап, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуылдауды жоспарлаған. Жасырын орындар ұйымдастырып, оған қылмыс жасауға арналған құралдар — Калашников автоматы, ойық ұңғылы «Меркель» мылтығы, екі тегіс ұңғылы кесілген мылтық, оқ-дәрілер, «Молотов коктейльдеріне» арналған сұйықтықтағы бөтелкелер, «бөтелке лақтырғыштар», бензин құйылған канистралар және рациялар сақтаған.

Күдіктілер Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әзірге өзге мәлімет жариялауға жатпайды, — делінген ақпаратта.

Фото: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.