Қылмыс/Оқиға

Браконьерлер бір жарым тоннаға жуық балықты заңсыз аулаған

0
(0)

ШҚО-да бір жарым тоннаға жуық балықты заңсыз аулаған. Бұл туралы Newsroom.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 16 сәуірден бастап «Нерест-2021» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Ертіс өзенінің акваториясы бойынша Өскемен қ.-Глубокое к. – Донское а. – Барашки а. – Зевакино а. – Шүлбі су қоймасы бағыты бойынша «Марс-700» кемесімен рейд жүруде.

– Рейд жүргізу барысында жүзу құралдары, заңсыз балық аулау, аң аулау үшін оларды пайдалану мен анықтау мақсатында, құқық бұзушылық жасауға қатысу нысанына тексерілді. Іс-шараны өткізу барысында 4 мамыр күні түнгі уақытта Қарсақбай ауылы маңында Зайсан көлінің жағасында Ақмектеп ауылының 33 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол жүрген резеңке қайықта тиісті құжаттары жоқ 5 қап түрлі балық болған. Тәртіп сақшылары 51 кг көксерке, 4 кг шортан, 64 кг табан және 17 кг алабұға балықтарын тәркіледі. Жалпы сомасы 300 000 теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 335 – бабы 3-бөлігі 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері барлығы 239 осындай рейд жүргізілді, оның барысында 235 құқық бұзушылық анықталып, 1400 келіден астам балық тәркіленді, келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 700 000 теңгені құраған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button