ӘлемдеҚылмыс/Оқиға

«Қазақтар Африкада аң аулауға шықты» – желіде таңғаларлық кадрлар пайда болды

0
(0)

Әлеуметтік желіде Африка құрлығында жираф атып, зебраның өлі денесін көлікке тиеп жатқан қазақтардың видеосы тарады.

Бір видеодан байқағанымыз ағылшын азаматымен бірге қазақ жігіті жирафты атып, оның өлі денесінің жанында қуанып тұрғаны көрсетіледі. Ал екінші видеода өлі зебраны көлікке басып жатқан қара нәсілділер бейнеленеді. Видеоға түсіріп тұрған қазақ болса, «кешке етін асып, қазы-қарта жейміз» деп қарқ-қарқ күледі.

Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева видеоға қатысты түсініктеме беріп: «Мен қоғамдағы кез-келген осындай қатыгездікті жазалап, соттау керек деп санаймын», – деді.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов түскен фотосурет пайда болды. Суреттерде арыстанның, сілеусіннің терілері мен тұлыптары, сондай-ақ Қызыл кітапқа енген барыстар бейнеленген.

Аталған азаматтардың әзірге кім екені белгісіз. Сондай-ақ олар заңды аң аулап жүр ма, әлде жоқ па, ол жағы да беймәлім. Алайда қазақтардың зебра етін жейтіндігі көпшілікті таңғалдырып отыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button