Қылмыс пен оқиға

Астана мешітінде ұрлық жасаған ер адам ұсталды

Полицейлер Астана мешітінде ұрлық жасаған ұрыны анықтады, – деп Newsroom.kz хабарлайды Polisia.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері мешіттегі ұрлықты ашты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында намаз кезінде ақша ұрлаған 31 жастағы ер адам анықталды.

Тергеу барысында күдікті Рахимов көшесінің бойындағы мешітке келіп, намаз кезінде залдың ең соңғы қатарында орналасқаны анықталды. Терезенің алдында жатқан күртешелер оның көзіне түскен. Жиналғандардың байқамай тұрғанын пайдаланып, күртешелердің бірін алып, қалталарын тексере бастаған. Әмиянды қалтадан тауып алған ол, ішінен 600 АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақшаны алып шыққан. Әмиянды күртешеге қайта салып, мешіттен шығып кеткен.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер тәркіленді, оның бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Фото: Polisia.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.