Қылмыс пен оқиға

Түркістанда жастардың төбелесі видеоға түсіп қалды

Түркістан қаласындағы қонақүй маңында төбелескен жастар оқиға орнында қолға түсті, деп newsroom.kz хабарлайды aikyn.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Тәртіп сақшылары жастардың төбелесін бейнебақылау жүйесі арқылы байқаған. Содан бірден патрульдік полиция қызметіне хабар берген. Оқиға орнына 2 минутта жеткен тәртіп сақшылары жарақаты бар жәбірленуші жігіт пен жасырынуға тырысқан күдіктіні ұстады.

– «Аталған жайт ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі «Бұзақылық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Толық мән-жайды анықтау үшін күдікті ретінде ұсталған Кентау қаласының тұрғыны полиция басқармасына жеткізілді. Ал, зардап шеккен ер адамға жедел жәрдем бригадасы медициналық көмек көрсетті», – дейді Түркістан облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығының бастығы Сәбит Бахтығалиев.

Фото: elitar.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.